---
title: "Бүгін Чехия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді"
description: "Бүгін Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 ірік..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-03T00:47:05+00:00"
modified: "2015-09-03T00:47:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-chehiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-535858"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-chehiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-535858/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін Чехия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

> Бүгін Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 ірік...

Бүгін Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Чехия командасымен кездеседі.

![Бүгін Чехия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/7HW7rbhH7AhJG5bh354ZoNM2mPAjCW.jpg)

Сырт алаңда өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да (3-нен 4-не қараған түн) тікелей эфирде көрсетеді.

Ойынға Мартин Стрембергссон бастаған швециялық бригада төрелік етеді.

Айта кетейік, 5 қыркүйекте өтетін Исландия-Қазақстан матчын да «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-chehiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-535858](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-chehiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-535858)