---
title: "Бүгін бокстан Әлем чемпионатында шаршы алаңға үш қазақстандық спортшы шығады"
description: "Бүгін Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үш боксшысы шаршы ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-07T23:30:04+00:00"
modified: "2015-10-07T23:30:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-bokstan-lem-chempionatynda-sharshy-ala-a-sh-aza-standy-sportshy-shy-ady-576765"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-bokstan-lem-chempionatynda-sharshy-ala-a-sh-aza-standy-sportshy-shy-ady-576765/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін бокстан Әлем чемпионатында шаршы алаңға үш қазақстандық спортшы шығады

> Бүгін Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үш боксшысы шаршы ...

Бүгін Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үш боксшысы шаршы алаңға шығады.

![Бүгін бокстан Әлем чемпионатында шаршы алаңға үш қазақстандық спортшы шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/WMFx4nMPNalEvL7531gdwv9HBgDMgX.jpg)

Астана уақытымен 17:00-де басталатын күндізгі сессия аясында 56 келі салмақ дәрежесінде Қайрат Ералиев өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевпен сынға түседі. Осыдан кейін, 22:00-де басталатын кешкі сессия барысында шаршы алаңға тағы екі қазақстандық боксшы шығады.

![Бүгін бокстан Әлем чемпионатында шаршы алаңға үш қазақстандық спортшы шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/D2uJ4tGOJDeUc8UXrqb9PqkUqV7hmC.jpg)

75 келі салмақта бақ сынайтын Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Мисаэль Родригес Оливаспен, ал 91 келіде Василий Левит бразилиялық Хуан Гонкальвес Ногейрамен кездеседі.

![Бүгін бокстан Әлем чемпионатында шаршы алаңға үш қазақстандық спортшы шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/5Ol7zCSw4qhj8jgy51J3iUHpz8UEf6.jpg)

Айта кетейік, күдізгі және кешкі сессияның барлық жекпе-жектерін «KAZsport» телеарнасы 17:00 мен 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-bokstan-lem-chempionatynda-sharshy-ala-a-sh-aza-standy-sportshy-shy-ady-576765](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-bokstan-lem-chempionatynda-sharshy-ala-a-sh-aza-standy-sportshy-shy-ady-576765)