---
title: "Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді"
description: "Бүгін түнде Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңінің соңғы Латвия-Қазақстан матчы өтеді. Ойынд..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-12T23:46:01+00:00"
modified: "2015-10-12T23:46:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-aza-stan-ltty-telearnasy-latviya-aza-stan-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-577994"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-aza-stan-ltty-telearnasy-latviya-aza-stan-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-577994/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

> Бүгін түнде Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңінің соңғы Латвия-Қазақстан матчы өтеді. Ойынд...

Бүгін түнде Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңінің соңғы Латвия-Қазақстан матчы өтеді.

![Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/R20gGlQZG6U4Gf28ZkYUUjNb4MdPq8.jpg)

Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесудің бас төрешісі – шотландиялық Стивен Маклин тағайындалды. Оның көмекшілері – Грэм Стюарт мен Дэвид Макгичи.

Айта кетейік, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткен ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

Латваия құрамасында 9 ойыннан кейін 5 ұпай болса, Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынында 2 ұпай бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-aza-stan-ltty-telearnasy-latviya-aza-stan-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-577994](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-aza-stan-ltty-telearnasy-latviya-aza-stan-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-577994)