---
title: "Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді"
description: "«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирді 14:00-ден бастап, көрермендер үшін матч алдында арнайы ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-20T23:52:29+00:00"
modified: "2015-11-20T23:52:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-aza-stan-ltty-telearnasy-astana-men-ayrat-arasynda-y-r-kubogyny-finalyn-tikeley-efirde-k-rsete-654475"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-aza-stan-ltty-telearnasy-astana-men-ayrat-arasynda-y-r-kubogyny-finalyn-tikeley-efirde-k-rsete-654475/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді

> «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирді 14:00-ден бастап, көрермендер үшін матч алдында арнайы ...

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирді 14:00-ден бастап, көрермендер үшін матч алдында арнайы студиядан хабар ұйымдастырылады.

![Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/1N6BILdfx3gyjul001dcK0fo0ItNzm.jpg)

Бүгін елордалық «Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Кубогының финалы өтеді. Маусымның соңғы матчында жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездеседі.

Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 14:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Астана» футбол клубы биылғы маусымда Қазақстан Премьер Лигасында топ жарса, «Қайрат» 2-ші орынға тұрақтаған. Ал, осы жылы командалар 5 рет кездескен. Оның 3-інде елордалық клуб жеңіске жетсе, 2 рет «Қайрат» басым түскен.

Екі клуб «Астана-Арена» стадионында 10 матч өткізген. Астаналықтар соның 4-ін ұтса, алматылықтар 2 рет жеңген және 4 тең ойын тіркелген. Соғылған голдар саны 20-11.

Ал, жалпы командалар бір-бірімен 19 рет кездескен. «Астананың» еншісінде 10 жеңіс бар. «Қайрат» 3 рет ұтып, 6 ойын тең есеппен аяқталған. Соғылған голдар бойынша Станимир Стойлов шәкірттері алда – 35-21. Осыған қоса, олар екі команда арасындағы ең ірі жеңісті тойлаған (2011 жыл, есеп – 6:1).

Сонымен қатар, финалдық матчқа түркиялық Джүнейт Чакыр төрелік етеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирді 14:00-ден бастайды. Көрермендер үшін матч алдында арнайы студиядан хабар ұйымдастырылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-aza-stan-ltty-telearnasy-astana-men-ayrat-arasynda-y-r-kubogyny-finalyn-tikeley-efirde-k-rsete-654475](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-aza-stan-ltty-telearnasy-astana-men-ayrat-arasynda-y-r-kubogyny-finalyn-tikeley-efirde-k-rsete-654475)