---
title: "Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Римде бірқатар кездесулер өткізеді"
description: "Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ресми сапармен Италияға барды. Оны Рим әуежайынан..."
author: "orazali"
published: "2024-01-18T03:07:52+00:00"
modified: "2024-01-18T03:08:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-asym-zhomart-to-aev-rimde-bir-atar-kezdesuler-tkizedi-1000008"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-asym-zhomart-to-aev-rimde-bir-atar-kezdesuler-tkizedi-1000008/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Римде бірқатар кездесулер өткізеді

> Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ресми сапармен Италияға барды. Оны Рим әуежайынан...

*Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ресми сапармен Италияға барды. Оны Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. *

![Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Римде бірқатар кездесулер өткізеді](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/60e19cba40cc698a14949711d22121.jpg)

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 18 қаңтарда Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Сондай-ақ президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Ал 19 қаңтарда Тоқаев Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеспек.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдерге осы жылдағы алғашқы сапарын Еуропадан бастады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-asym-zhomart-to-aev-rimde-bir-atar-kezdesuler-tkizedi-1000008](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-asym-zhomart-to-aev-rimde-bir-atar-kezdesuler-tkizedi-1000008)