---
title: "Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездеседі"
description: "Италияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Римде бірқатар..."
author: "orazali"
published: "2024-01-19T02:57:37+00:00"
modified: "2024-01-19T04:45:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-asym-zhomart-to-aev-rim-papasy-franciskpen-kezdesedi-1000054"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-asym-zhomart-to-aev-rim-papasy-franciskpen-kezdesedi-1000054/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездеседі

> Италияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Римде бірқатар...

Италияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Римде бірқатар кездесулер өткізді.

![Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездеседі](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/1bece1bffca2f6d9d1d020913d57d7.jpg)

Ол ең алдымен Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізді. Тоқаев Қазақстан мен Италия арасында тығыз саяси диалог, берік экономикалық ықпалдастық, табысты мәдени-гуманитарлық байланыс орнағанын атап өтті. «Біз Италияның Орталық Азиядағы басты серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді және қарым-қатынастарды одан әрі арттыруға мол әлеует бар» – деді президент. Джорджа Мелони қазақ-итальян қатынастарының деңгейі жоғары екенін атап өтіп, Италияның Қазақстанмен арадағы байланыстарын нығайтуға бейілді екенін жеткізді. «Сіздің бүгінгі сапарыңызды қазақ-итальян қарым-қатынасын одан әрі өркендету үшін зор мүмкіндік ретінде қарастырамыз»,– деді премьер-министр. Келіссөз соңында екі ел басшылары бірлескен мәлімдеме жасады. Сондай-ақ кеше Қасым-Жомарт Тоқаев италиялық ірі компаниялардың басшыларын қабылдады. Ал бүгін Ватиканда Қазақстан президентінің Рим папасы Францискпен кездесуі жоспарланған. Айта кетейік, Франциск (сайланғанға дейінгі аты-жөні - Хорхе Марио Бергольо) 1936 жылы 17 желтоқсанда дүниеге келген. Ол – тарихта Жаңа Әлемнен шыққан, еуропалық емес алғашқы Рим папасы. Мұндай жағдай 731 және 741 жылдары билік еткен сириялық ІІІ Григорий кезеңінен бері 1200 жыл бойы болмаған. Рим папасы Франциск Қазақстанға 2022 жылдың қыркүйек айында келіп кетті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-asym-zhomart-to-aev-rim-papasy-franciskpen-kezdesedi-1000054](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-asym-zhomart-to-aev-rim-papasy-franciskpen-kezdesedi-1000054)