---
title: "Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай сырғанау күні өтті"
description: "Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында көктемгі марафон аясында жаппай сырғанау күні ұйымдастырылды. 18-..."
author: "aiman_syrlybai"
published: "2017-03-24T06:03:54+00:00"
modified: "2017-03-24T06:03:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-alau-m-z-aydyny-sarayynda-zhappay-syr-anau-k-ni-tti-761041"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-alau-m-z-aydyny-sarayynda-zhappay-syr-anau-k-ni-tti-761041/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай сырғанау күні өтті

> Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында көктемгі марафон аясында жаппай сырғанау күні ұйымдастырылды. 18-...

![Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай сырғанау күні өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/aiman_syrlybai/1u964HifBe7816lted6Vq4Gaho6lD5.jpg)

Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында көктемгі марафон аясында жаппай сырғанау күні ұйымдастырылды. 18-наурыздан бері өткізіліп жатқан көктемгі марафон сырғанақ тебуді ұнататын Астаналықтар үшін таптырмас мүмкіндік болды. Өйткені, бұл күндері сырғанақ үшін 5 сеанс ашылады. Сонымен қатар, көктемгі марафон күндері мұз айдынына кіру бағасы арзандатылып, түрлі акциялар ұйымдастырылады.

Осындай акцияның бірі бүгін өткізілген «2+1» акциясы. Яғни, мұз айдыны сарайының қонақтары екі толық билет сатып алып, 3-ші билетті жеңілдікпен алу мүмкіндігіне ие болды. Бүгін мұз айдыны сарайы әдеттегі күндермен салыстырғанда кісі қарасына толды.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі марафон 26-наурызға дейін жалғасады. «Алау» мұз айдыны сарайының есігі таңертеңгі 9:00-ден түнгі 23:00-ге дейін ашық.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-alau-m-z-aydyny-sarayynda-zhappay-syr-anau-k-ni-tti-761041](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-alau-m-z-aydyny-sarayynda-zhappay-syr-anau-k-ni-tti-761041)