---
title: "БАҚ материалы жайлы шағым беруге болатын мерзім..."
description: "Бүгін Мәжіліс депутаттары «Масс-медиа туралы» туралы заң мен кейбір заңнамалық актілерге масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын заңды қабылдады. Фото: egemen.kz «Масс-медиа туралы» туралы заң Президент..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-17T12:36:40+00:00"
modified: "2024-04-17T12:39:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-abyldan-an-mass-media-turaly-za-da-anday-zgerister-bar-1003576"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-abyldan-an-mass-media-turaly-za-da-anday-zgerister-bar-1003576/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БАҚ материалы жайлы шағым беруге болатын мерзім...

> Бүгін Мәжіліс депутаттары «Масс-медиа туралы» туралы заң мен кейбір заңнамалық актілерге масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын заңды қабылдады. Фото: egemen.kz «Масс-медиа туралы» туралы заң Президент...

*Бүгін Мәжіліс депутаттары «Масс-медиа туралы» туралы заң мен кейбір заңнамалық актілерге масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын заңды қабылдады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/184461ea92f651fe89be5c5163259d.jpg) Фото: egemen.kz

«Масс-медиа туралы» туралы заң Президент қол қойып, күшіне енгеннен кейін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың күші жойылады.

Бұл заңда мынадай негізгі жайттар қарастырылған:

- БАҚ материалында құқық бұзушылық болғаны туралы шағым беруге болатын мерзім сол материал жарияланғаннан кейінгі 1 жыл деп бекітілді;

- Заңда журналистің кәсіби қызметіне берілетін құқықтық кепілдіктер бекітіліп, масс-медианың негізгі міндеттері нақтыланған;

- Заңнан «бұқаралық ақпарат», «діни телебағдарлама», «теле-, радиоарнаны тіркеуге қою туралы куәлік» деген түсініктер алып тасталып, оған «журналистің ерекше мәртебесі», «аккредитацияның жеңілдетілген тәртібі» сияқты жаңа түсініктер енгізілген;

- БАҚ өкілінің сауалдарына олар жіберлігеннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде сол сұрақ қойылған тілде жауап берілуге тиіс;

- Телевизия мен радиода қазақтілді және отандық контент көбейеді. 2025 жылдан бастап теле-радиоарналардағы мемлекеттік тілдегі және отандық өнімдердің үлесі жалпы көлемнің 55 пайызынан кем болмауы керек. Ал 2027 жылдан бастап бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткізілмек;

- Шетелдік теле-радиоарналарды ретрансляция жасау көлемі, керісінше, 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарады;

- Мемлекеттік теле-радиоарналарды қоғамдық көліктерде көрсетуді қамтамасыз ету мен бақылау құзыреті облыстар мен республикалық маңыздағы қалалардың әкімдіктеріне беріледі;

- Сайттардың барлығы интернет-басылымға теңестіріледі. Интернет-басылымдар бұқаралық ақпарат құралының бір түріне жатқызылады және олар заңға сәйкес тіркелуге тиіс.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-abyldan-an-mass-media-turaly-za-da-anday-zgerister-bar-1003576](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-abyldan-an-mass-media-turaly-za-da-anday-zgerister-bar-1003576)