---
title: "Қазыналы қазақтың мақалы мен мәтелі"
description: "Қазақ дана халқымыз мақал-мәтелдерге өте бай. Ол ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан халықтық асыл мұра. Он..."
author: "kami1997"
published: "2016-04-04T11:48:43+00:00"
modified: "2016-04-11T14:32:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azynaly-aza-ty-ma-aly-men-m-teli-687381"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azynaly-aza-ty-ma-aly-men-m-teli-687381/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазыналы қазақтың мақалы мен мәтелі

> Қазақ дана халқымыз мақал-мәтелдерге өте бай. Ол ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан халықтық асыл мұра. Он...

**Қазақ дана халқымыз мақал-мәтелдерге өте бай. Ол ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан халықтық асыл мұра. Оның мағыналары оюмен өрнектелген сөз шеберлігі іспеттес.**

**Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.**

**Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар. Соның ішінде адам денсаулығына арналған мақал-мәтелдерге тоқталмақпын.**

**Әуелгі байлық — ден саулық,Екінші байлық — он саулық,Үшінші байлық — ақ жаулық.**

**Міне, тіпті ата-бабамыз осылайша 3 байлықты бөліп талдап берген.**

**Жарлының байлығы —Дәнінің саулығы.**

*******************************

**Жеңіл барып, ауыр қайт,Аман барып, сау қайт**

*******************************.**

**Өлсең көрің көң болсын,Тіріде терің кең болсын**

*********************************

**Орта жолда атың өлмесінОрта жолда қатының өлмесін.**

**Тіпті, кей мақал-мәтелдер тілек, бата секілді айтылған.**

**Тер шықпаған кісіден,Дерт шықпайды.**

**Ал, кей біріне келсек астарлап еңбектіде айта кеткен.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azynaly-aza-ty-ma-aly-men-m-teli-687381](https://yvision.kz/kk/post/azynaly-aza-ty-ma-aly-men-m-teli-687381)