---
title: "Қазығұрттағы көкпар той"
description: "Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай ұлттық ойын - Көкпардан облыстық турнир өтті..."
author: "seidaly"
published: "2018-10-17T12:23:15+00:00"
modified: "2018-10-17T12:24:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azy-rtta-y-k-kpar-toy-817017"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azy-rtta-y-k-kpar-toy-817017/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазығұрттағы көкпар той

> Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай ұлттық ойын - Көкпардан облыстық турнир өтті...

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай ұлттық ойын - Көкпардан облыстық турнир өтті.

![Қазығұрттағы көкпар той](https://storage.yvision.kz/images/user/402783/2f0f3612f6ac77a946e6683a116cb7.jpg)

Қазығұрт десе бірден қымыз бен көкпар еске түседі. Көкпардың отаны саналғасын ба, көкпар уақыты басталғалы қазығұрттық көкпаршылардың тақымы қызып шыға келеді. Қазығұрт ауданының 90 жылдығы мерекесін көкпармен бастауының да себебі сол болар.

Туринирді кезінде көкпаршыларды Кеңес одағының чемпионы болған, республиканың бірнеше дүркін чемпионы, ардагер көкпаршы, алтынтөбелік Имашев Мадияр көкеміз бастап шығып, батасын берді.

![Қазығұрттағы көкпар той](https://storage.yvision.kz/images/user/402783/421ef79d946c73ee27f773ef8d48e2.jpg)

Ардагер көкпаршы Имашев Мадияр аға көкпаршыларды бастап келеді

Көкпардың командалық түрінен бірнеше ауданнан келген командалар жүлде бөлісті.

![Қазығұрттағы көкпар той](https://storage.yvision.kz/images/user/402783/3b80ed76f69ecf30c7906cac8bbe53.jpg)

Қазығұрттық және отырарлық командалар серкеге талас үстінде

Әсіресе, алтынтөбелік Қуан Төлеев досым бастаған қазығұрттық команда көзге ерекше түсті.

![Қазығұрттағы көкпар той](https://storage.yvision.kz/images/user/402783/12ca8a6e9c48230f2c32e9fffdac88.jpg)

Алтынтөбелік көкпаршы Қуан Төлеев тамырым

Командалық көкпардан кейін жаппай көкпар басталып, бірінші салымның өзі Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай 90 мың теңгеден басталды.

![Қазығұрттағы көкпар той](https://storage.yvision.kz/images/user/402783/55f35da672f86ebd8175f85291b918.jpg)

Дода

![Қазығұрттағы көкпар той](https://storage.yvision.kz/images/user/402783/d6a41603195a963e21fc60071fa005.jpg)

Шабандоздар додадан сурылып шықты

Қазығұрт ауданының 90 жылдығына арналған негізгі мерекелік шаралар ертең, 18-ші қазан күні Қазығұрт кентіндегі жаңа саябақта өтеді.

![Қазығұрттағы көкпар той](https://storage.yvision.kz/images/user/402783/b52516a77677aed4d8c820eee2ca5a.jpg)

Қазығұрт кентінің жаңа саябағы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azy-rtta-y-k-kpar-toy-817017](https://yvision.kz/kk/post/azy-rtta-y-k-kpar-toy-817017)