---
title: "«Қазспорт» телеарнасы дзюдодан Әлем чемпионатын көрсетеді"
description: "«Қазспорт» телеарнасы («Қазақстан» республикалық телерадикорпорациясының құрамына кіреді) 24-30 тамы..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-17T04:31:18+00:00"
modified: "2015-08-17T04:31:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azsport-telearnasy-dzyudodan-lem-chempionatyn-k-rsetedi-530750"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azsport-telearnasy-dzyudodan-lem-chempionatyn-k-rsetedi-530750/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазспорт» телеарнасы дзюдодан Әлем чемпионатын көрсетеді

> «Қазспорт» телеарнасы («Қазақстан» республикалық телерадикорпорациясының құрамына кіреді) 24-30 тамы...

«Қазспорт» телеарнасы («Қазақстан» республикалық телерадикорпорациясының құрамына кіреді) 24-30 тамыз аралығында өтетін дзюдодан Әлем чемпионатын тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК Баспасөз қызметі хабарлайды.

![«Қазспорт» телеарнасы дзюдодан Әлем чемпионатын көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/eq5ii7ws5qgOoxg4mWyoNzDt0JPGm0.jpg)

«Дзюдо Федерациясы» РАА мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында алғаш рет Қазақстанда өткелі отырған дзюдодан Әлем чемпионатын трансляциялаудаң эксклюзивті құқығын беру жайлы келісімге қол жеткізіліп, тиісті Шартқа қол қойылды», - деп хабарлады «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы Асқат Сағынаев.

 

Аталмыш шара 24-30 тамыз аралығында «Алау» мұз айдынында өтеді. «Қазспорт» телеарнасы чемпионаттың іріктеу және ақтық кездесулерін тікелей эфирден көрсетеді. Таңертеңгі кездесулер сағат 11.00-де, кешкі кездесулер сағат 17.00-де басталады.

 

«Қазспорт» телеарнасының редакторлары мен комментаторлары шараның өткізілетін жерінде жұмыс істеп, эксклюзивті материалдар, спортшылар мен жаттықтырушылар штабымен әңгімелесу сұхбаттар әзірлейді.

 

Бүгінгі таңда 123 елден 823 спортшы чемпионатқа қатысатынын растап, шараны жан-жақты баяндау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 160 бұқаралық ақпарат қызметінің өкілдері тіркеуден өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azsport-telearnasy-dzyudodan-lem-chempionatyn-k-rsetedi-530750](https://yvision.kz/kk/post/azsport-telearnasy-dzyudodan-lem-chempionatyn-k-rsetedi-530750)