---
title: "«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының резервистерін оқыту"
description: "«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының резервистерінің бекітілген жеке даму жоспарларының шеңберінд..."
author: "KMG_kz"
published: "2015-10-12T22:48:33+00:00"
modified: "2015-10-12T22:48:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azm-naygaz-k-a-kompaniyalar-tobyny-rezervisterin-o-ytu-577979"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azm-naygaz-k-a-kompaniyalar-tobyny-rezervisterin-o-ytu-577979/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының резервистерін оқыту

> «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының резервистерінің бекітілген жеке даму жоспарларының шеңберінд...

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының резервистерінің бекітілген жеке даму жоспарларының шеңберінде 2015 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Астана қаласында «Ситуациялық көшбасшылық» тақырыбында резервистерге арналған алғашқы семинар болып өтті.

«Ситуациялық көшбасшылық» тақырыбындағы семинар түсіну, ұйымды диагностикалау, табыстау, өзгерістерді басқару дағдыларын дамытуға, сонымен бірге көшбасшылық қабілеттіліктерді дамытуға және қызметкерлердің мотивациясын жоғарылатуға бағытталған.

Оқыту барысында қатысушыларға теориялық білімдерін нығайту мақсатында шешу үшін арнайы бизнес-кейстер, сондай-ақ көптеген рөлдік ойындар көрсетілді.

Семинарды «ҚБТУ» АҚ Мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институтының бизнес тренері Алексей Борисович Ончуков өткізді, оның коучинг, тренинг, тәжірибелік сабақтар мен семинарлар өткізудегі тәжірибесі мол. А.Б.Ончуков «Басқарушылық бизнес-команданы қалыптастыру және дамыту», «Компанияның корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мен дамыту үдерісіндегі басқарушылық команда», «Көшбасшылық мінез-құлық құпиялары», «Менеджердің көшбасшылық мінез-құлығы: тиімді қызмет негізі», «Тиімді ықпал – менеджерлерге арналған тәжірибелік курс» және басқа тақырыптардағы көптеген тренингтердің авторы болып табылады.

Ағымдағы жылы ҚМГ компаниялар тобының резервистері үшін қатысушылардың көшбасшылық және іскерлік қабілеттіктерін дамытуға бағытталған, 13 семинар-тренинг жоспарланған.

Семинарларды өткізу үшін қазақстандық бизнес-тренерлермен қатар, белгілі бизнес-тренерлер Александр Мурадян мен Юрий Самалов шақырылғандығын атап өту қажет.

Семинар-тренингтермен қатар, резервистердің жеке даму жоспарларында ҚР мұнай-газ саласының ерекшеліктерін ескере отырып, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ арнайы әзірлеген, Executive MBA in Oil and Gas екі дипломдық бағдарламасы бойынша оқыту көзделген. МВА бағдарламасының шеңберінде ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінен бастап аталмыш топ тыңдаушылары үшін оқыту басталып кетті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azm-naygaz-k-a-kompaniyalar-tobyny-rezervisterin-o-ytu-577979](https://yvision.kz/kk/post/azm-naygaz-k-a-kompaniyalar-tobyny-rezervisterin-o-ytu-577979)