---
title: "«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ бос орын басуға ашық конкурсты жариялайды"
description: "«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ бос орын басуға ашық конкурсты жариялайды: Ақпараттық технологиялар департаменті..."
author: "KMG_kz"
published: "2014-12-18T02:27:04+00:00"
modified: "2014-12-18T04:46:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azm-naygaz-k-a-bos-oryn-basu-a-ashy-konkursty-zhariyalaydy-450778"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azm-naygaz-k-a-bos-oryn-basu-a-ashy-konkursty-zhariyalaydy-450778/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ҚазМұнайГаз» Ұк ақ бос орын басуға ашық конкурсты жариялайды

> «ҚазМұнайГаз» Ұк ақ бос орын басуға ашық конкурсты жариялайды: Ақпараттық технологиялар департаменті...

**«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ бос орын басуға ашық конкурсты жариялайды:**

**Ақпараттық технологиялар департаменті: **

Департамент директоры

 

**1-кезең**

Кандидаттардың түйіндемесі [http://work.kmg.kz](http://work.kmg.kz) сілтемесі бойынша қабылданады. Кезең:2014ж.12.12 бастап 2014ж.22.12 дейін.

 

**2-кезең**

Лауазымдық нұсқаулықтар бойынша біліктілік талаптарға (жұмыс өтілі, тәжірибесі, білім, тілдерді (қазақ, ағылшын) білу) сәйкес келетін кандидаттардың түйіндемесі іріктеледі.Комиссия түйіндемеде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды сұрауға құқылы.

**3-кезең**

Кандидаттар біліктілік талаптарға сәйкес келетін тесттен өтеді. Өткізу орны: Астана қ.

Тесттер:
- Кәсіби білім

- Вербальдық ақпаратты талдау

- Сандық ақпаратты талдау

- Тілдерді білу

**4-кезең**

Кандидаттар Конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтеді. Бос орын үшін шекті мәндерге сәйкес келетін және одан да жоғары нәтиже көрсеткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады. Өткізу орны: Астана қ.

**5-кезең**

Конкурстық рәсімдерден табысты өткен кандидаттарды қабылдауға арналған құжаттарды ресімдеу.

Кандидаттар түйіндемедегі ақпараттың түпнұсқалығыүшін жауап береді.

Сұрақтарыңыз болса, мына электрондық адреске жазуыңызға болады:[Hrd@kmg.kz](mailto:Hrd@kmg.kz).

 

**Бос орын**

Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры

**Білім**

Ақпараттық технологиялар жоғары білім

МВА дипломы

**Талаптар**

Кәсіби саладағы немеселауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы (ақпараттық технологиялар саласындағы) тәжірибе – кемінде 6 жыл. Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызметте (ҚМГ-дегі және/немесе үлестес ұйымдардағы болғаны дұрыс) – кемінде 4 жыл. Құрылымдық бөлімше басшысының немесе оның орынбасары лауазымдарында (ҚМГ-дегі және/немесе үлестес ұйымдардағы болғаны дұрыс) – кемінде 2 жыл;
- экономика мен қаржыны, бизнес-жоспарлау процестерін және басқаларын автоматтандыру салалардағы білім;
- мұнай мен газ өндірудің, тасымалдау мен өңдеудің технологиялық процестерін автоматтандыру саласындағы білім;
- телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер саласындағы білім;
- Жобаларды басқару, ақпараттық жүйелерді құру және интеграциялау, АСУТП жобаларын басқару, ақпараттық технологиялар және АСУТП дамыту бөлігіндегі шығыстарды жоспарлау тәжірибесі;
- акционерлік қоғамда, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер, мемлекеттік сатып алу туралы, мұнай-газ саласындағы заңнаманы білу;
- мемлекеттік тілді және/немесе екінші тілді (ауызша және жазбаша) тілді білу; ағылшын тілді кем деген Pre-Intermediate немесе Intermediate деңгейінде білу;

-ISO-27001ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің негіздерін білу;
- тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласындағы; өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы; интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және ең бек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы білім;

**-**стратегиялық көзқарас, бизнесті түсіну, проблемаларды шешу, келіссөздер жүргізу дағдылары;
- талдау қабілеті.

**Функционалдық міндеттер**

- Департаменттің қызметін ұйымдастыру және оған басшылық ету;
- Департаменттің перспективалық және жылдық даму жоспарларын әзірлеуді және орындауды бақылау;
- Ақпараттық технологияларды дамыту стратегиясының, сондай-ақ Бизнес трансформациясы бағдарламасының іске асырылуын бақылау;
- ақпараттық және телекоммуникациялар технологияларына байланысты мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына, кеңестер мен семинарларға қатысу;
- басқарушылық және қаржы есептілігін шоғырландыру және дайындау процестерін автоматтандыру мониторингі;
- АТ енгізу және дамыту шеңберіндегі жұмысты үйлестіру;
- ақпараттық жүйелерді интеграциялау және дата орталықтардың тиісті инфрақұрылымын шоғырландыру жоспарын жасау жобаларының мониторингі;
- телекоммуникациялық жүйені (бейнеконференция байланысы, кабельдік теледидардың оқшаулы жүйесі) дамыту мен жаңғыртудықамтамасыз ету және телекоммуникациялар саласындағы жаңа техника мен технологияларды енгізу;
- ІТ инфрақұрылымын (серверлік, белсенді жабдық, инженерлік жабдық, АСУТП) дамыту мен жаңғыртуды қамтамасыз ету;
- ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымның лайықты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді бақылау;
- Компания үшін бірыңғай АТ-стратегияны әзірлеу және іске асыру, бірыңғай ақпараттық жүйелер мен технологияларды, жаңа технологияларды, басқа, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін енгізу және қамтамасыз ету.

**Өңір**

**Астана қ.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azm-naygaz-k-a-bos-oryn-basu-a-ashy-konkursty-zhariyalaydy-450778](https://yvision.kz/kk/post/azm-naygaz-k-a-bos-oryn-basu-a-ashy-konkursty-zhariyalaydy-450778)