---
title: "Қазконтент АҚ жұмыстан тыс :)"
description: "Қазконтент АҚ 23 маусым күні Астана қаласының сыртындағы Құлагер демалыс аймағында бүкіл ұжыммен жиы..."
author: "kaztube1"
published: "2013-06-27T22:47:14+00:00"
modified: "2013-06-27T22:53:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azkontent-a-zh-mystan-tys-359944"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azkontent-a-zh-mystan-tys-359944/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазконтент АҚ жұмыстан тыс :)

> Қазконтент АҚ 23 маусым күні Астана қаласының сыртындағы Құлагер демалыс аймағында бүкіл ұжыммен жиы...

Қазконтент АҚ 23 маусым күні Астана қаласының сыртындағы Құлагер демалыс аймағында бүкіл ұжыммен жиын өткізіп қайтты. Бұл жиын, бұл демалыс ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күніне арналған болатын.

Жиынға Мұрат Әбенов мырза да қонақ болды.

![Қазконтент АҚ жұмыстан тыс :)](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/7wExyi8nQ25n2xjbuHpbTLxQ1DPC7Q.jpg)

Қазконтент АҚ барлық қызметкерлер 4 командаға бөлініп, түрлі ойындар ойнады. Бұл ұжымның тек өз істерінде ғана емес, кез келген жағдайды ұйымшыл, жан-жақты екенін көрсетеді.

![Қазконтент АҚ жұмыстан тыс :)](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/Ak999WOycWOZ95t6b5ygiiPOenGWyC.jpg)

Таза ауада, қаладан жырақ түрлі ойындар ойнап, асыр салып жүргенге не жетсін, шіркін!!! :)

![Қазконтент АҚ жұмыстан тыс :)](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/g1NJmMViytDFa6wXGM2D3iEYpGz5JM.jpg)

Төрт командаға бөлінген Қазконтент ұжымы тарих пен әзілді ұштастыра отырып, ерекше қойылымдар көрсетті.

![Қазконтент АҚ жұмыстан тыс :)](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/KhNyPQpzFckN85Yb7hHK1HOit86pSt.jpg)

![Қазконтент АҚ жұмыстан тыс :)](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/0qEcb5BAtNhAEX8u2g6183I2fzBehn.jpg)

![Қазконтент АҚ жұмыстан тыс :)](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/4MqsAeXLU53B87XWICpKkJTDRSb1o5.jpg)

Қазконтент ұжымының жастары әлі алда талай асуларды бағындырып, талай шыңға жетері сөзсіз. Қаламы мұқалмай, ұшқыр ойы арта берсін дейміз!

![Қазконтент АҚ жұмыстан тыс :)](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/HJ2qGskkODpB5Jhi4S8il8VukToSeI.jpg)

![Қазконтент АҚ жұмыстан тыс :)](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/RknLHb4LBiWPgi4V4MwKdYQ3t1xVWe.jpg)

Қазконтен АҚ жасай берсін! Тек қана алға!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azkontent-a-zh-mystan-tys-359944](https://yvision.kz/kk/post/azkontent-a-zh-mystan-tys-359944)