---
title: "«Қазконтент» АҚ Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған спорттық турнирлер өткізеді"
description: "«Қазконтент» АҚ 28 маусымда атап өтілетін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай волейб..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-19T23:26:19+00:00"
modified: "2013-06-19T23:26:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azkontent-a-baylanys-zh-ne-a-parat-yzmetkerleri-k-nine-arnal-an-sportty-turnirler-tkizedi-358493"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azkontent-a-baylanys-zh-ne-a-parat-yzmetkerleri-k-nine-arnal-an-sportty-turnirler-tkizedi-358493/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазконтент» АҚ Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған спорттық турнирлер өткізеді

> «Қазконтент» АҚ 28 маусымда атап өтілетін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай волейб...

[!\[«Қазконтент» АҚ Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған спорттық турнирлер өткізеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/f3bb7142cfdcad5df78e109e97f8630a-1-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/f3bb7142cfdcad5df78e109e97f8630a-1.jpg)

 

«Қазконтент» АҚ 28 маусымда атап өтілетін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай волейбол мен футболдан турнир ұйымдастырады.

22 маусымда сағат 9:30-да «Алатау» спорт кешенінде әйелдер арасында «Қазконтент» АҚ кубогы үшін волейболдан жолдастық кездесу өтеді. 2 команда – «Қазконтент» АҚ мен «Интерфакс-Казахстан» ақпарат агенттігі құрамасы қатысуға ниет білдірді.

29 маусымда сағат 9:30-ден 14.00-ге дейін «Алатау» спорт кешенінде ерлер арасында футболдан турнир өтеді. Ойындарға 8 команда – «Қазконтент» АҚ, «Хабар», «24.kz», «Қазақстан», «KzSport» арнасы, «Керек Инфо» еркін блог жүйесі, «Егемен Қазақстан», «Астана Ақшамы» газеті құрамасы қатысады.

Турнирлерге қатысуға ниет білдірушілер breakingnews.kz@gmail.com электронды мекенжайына өтімдерін жібере алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azkontent-a-baylanys-zh-ne-a-parat-yzmetkerleri-k-nine-arnal-an-sportty-turnirler-tkizedi-358493](https://yvision.kz/kk/post/azkontent-a-baylanys-zh-ne-a-parat-yzmetkerleri-k-nine-arnal-an-sportty-turnirler-tkizedi-358493)