---
title: "Азияның клубтық чемпионатында «Конденсат-Жайықмұнай» жартылай финалға шықты"
description: "Филиппинде волейболдан өтіп жатқан Азияның клубтық чемпионатында Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы» ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-04-15T21:57:37+00:00"
modified: "2014-04-15T21:57:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aziyany-klubty-chempionatynda-kondensat-zhayy-m-nay-zhartylay-final-a-shy-ty-409866"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aziyany-klubty-chempionatynda-kondensat-zhayy-m-nay-zhartylay-final-a-shy-ty-409866/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Азияның клубтық чемпионатында «Конденсат-Жайықмұнай» жартылай финалға шықты

> Филиппинде волейболдан өтіп жатқан Азияның клубтық чемпионатында Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы» ...

[!\[Азияның клубтық чемпионатында «Конденсат-Жайықмұнай» жартылай финалға шықты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/20140127103830-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/20140127103830.jpg)

Филиппинде волейболдан өтіп жатқан Азияның клубтық чемпионатында Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы» жартылай финалға шықты.

«Жайық» волейбол клубының басшысы Шоқан Кеңесовтің айтуынша, ширек финалда Игорь Никольченконың шәкірттері Ирактың «Gas Al-Janoob» («Газ Әл-Жануб») командасын 3:0 есебімен ұтты. Ертең жартылай финалда батысқазақстандықтар Катар немесе Филиппин командаларының біреуімен сынға түседі. Осының алдындағы топтық бәсекеде «Конденсат-Жайықмұнай» катарлықтардан жеңіліп қалған болатын. Мұндай жарысқа тұңғыш қатысып отырған «Конденсат-Жайықмұнайдың» жартылай финалға шығуының өзі — жақсы жетістік. Бұдан бұрын ел чемпионы «Алматы» осындай клубтық біріншілікте тоғызыншы орынды иеленген еді.

Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

Басты сөздер: [Батыс Қазақстан облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/259) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

ОРАЛ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aziyany-klubty-chempionatynda-kondensat-zhayy-m-nay-zhartylay-final-a-shy-ty-409866](https://yvision.kz/kk/post/aziyany-klubty-chempionatynda-kondensat-zhayy-m-nay-zhartylay-final-a-shy-ty-409866)