---
title: "Қазіргі жастарды не қызықтырады?"
description: "Бүгін, Жастар орталығының астыңғы қабатында \"қазіргі жастарды не қызықтырады?\" тақырыбында пікір алм..."
author: "CRMI"
published: "2017-09-29T05:37:47+00:00"
modified: "2017-09-29T05:37:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azirgi-zhastardy-ne-yzy-tyrady-780206"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azirgi-zhastardy-ne-yzy-tyrady-780206/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазіргі жастарды не қызықтырады?

> Бүгін, Жастар орталығының астыңғы қабатында "қазіргі жастарды не қызықтырады?" тақырыбында пікір алм...

Бүгін, Жастар орталығының астыңғы қабатында "қазіргі жастарды не қызықтырады?" тақырыбында пікір алмасу өтті.

 

Пікір алаңында алғаш болып сөз алған орталық инспекторы Жастар орталығының жалпы жұмысымен таныстырды. Осы күні біздің жадымызда жұмыс істеп жатқан клубтар, ұйымдар жайында мəлімет айтылды.

![Қазіргі жастарды не қызықтырады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/HdrkW10mfP6FLZOS6qkOGK3f88EQmr.jpg)

Алаңда Павлодар қаласының жоғарғы оқу орындарынан келген студенттер өз пікірлерін айтты. Осылайша жиналған үздік ойларды жүзеге асыру мақсаты көзделді. Олардың ішіндегі негізгі ұсыныстар қатарына Павлодар облысының аймағында орналасқан киелі жерлерге бару, робототехника көрмесін жасау сияқты идеяларды жатқызуға болады.

![Қазіргі жастарды не қызықтырады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/5Kjtcbqfw6M9SPDX9iitE93rz9BG7R.jpg)

Осындай идеялардың арқасында орталық одан əрі дамып, жетілері анық. Біздің жұмыс ақылы алғыр, пікірі ұтқыр жастармен жүреді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azirgi-zhastardy-ne-yzy-tyrady-780206](https://yvision.kz/kk/post/azirgi-zhastardy-ne-yzy-tyrady-780206)