---
title: "Қазіргі министр бұрынғы министр туралы ойын айтты"
description: "Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өзінің алдында ТЖМ-ны басқарған Сырым Шәріпхановты жұмысқа шақыруға қатысты журналистердің сұрағына жауап берді. «Ол кісі на"
author: "jan.123"
published: "2024-02-20T08:33:24+00:00"
modified: "2024-02-20T08:33:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azirgi-ministr-b-ryn-y-ministr-turaly-oyyn-aytty-1001361"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azirgi-ministr-b-ryn-y-ministr-turaly-oyyn-aytty-1001361/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазіргі министр бұрынғы министр туралы ойын айтты

> Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өзінің алдында ТЖМ-ны басқарған Сырым Шәріпхановты жұмысқа шақыруға қатысты журналистердің сұрағына жауап берді. «Ол кісі на

*Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өзінің алдында ТЖМ-ны басқарған Сырым Шәріпхановты жұмысқа шақыруға қатысты журналистердің сұрағына жауап берді.*

![Қазіргі министр бұрынғы министр туралы ойын айтты](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/d1b8d2e3ac61d499485f288a8314dd.jpg)

«Ол кісі назардан тыс қалған жоқ. Басында-ақ сөйлестік. Әртүрлі ұсыныстар болды. Бірақ ол қазіргі таңда өзінің денсаулығын, отбасы жағдайын дұрыстап алған соң, бір айдың ішінде шешім қабылдайды. Дегенмен біз жақтан барлық ұсыныстар жасалды», - деді Шыңғыс Әрінов.

Айта кетейік, Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі қызметін 8 ай ғана атқарды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azirgi-ministr-b-ryn-y-ministr-turaly-oyyn-aytty-1001361](https://yvision.kz/kk/post/azirgi-ministr-b-ryn-y-ministr-turaly-oyyn-aytty-1001361)