---
title: "Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәні — 10-сынып. Мәдени мұра (қажетті ақпарат)."
description: "АВТОР: ҚАРАТАБАНОВ Р.Ә. МӘДЕНИ МҰРА Мәдени мұра - бұрынғы ұрпақпен жасалған, уақыт сынағынан өткен..."
author: "Danazhan"
published: "2017-02-02T21:56:48+00:00"
modified: "2017-02-02T21:56:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azirgi-lemdegi-aza-stan-p-ni-10-synyp-m-deni-m-ra-azhetti-a-parat-753689"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azirgi-lemdegi-aza-stan-p-ni-10-synyp-m-deni-m-ra-azhetti-a-parat-753689/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәні — 10-сынып. Мәдени мұра (қажетті ақпарат).

> АВТОР: ҚАРАТАБАНОВ Р.Ә. МӘДЕНИ МҰРА Мәдени мұра - бұрынғы ұрпақпен жасалған, уақыт сынағынан өткен...

АВТОР:

ҚАРАТАБАНОВ Р.Ә.

 

**МӘДЕНИ МҰРА**

**Мәдени мұра** - бұрынғы ұрпақпен жасалған, уақыт сынағынан өткен және ұрпақтан ұрпаққа бағалы және құрметті нәрсе ретінде жеткізілетін материалдық және рухани мәдениеттің бөлігі.

**Мәдени мұра объектісі** - сақталған күйіне тәуелсіз біздің заманымызға дейін жеткен [антропологиялық](https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BD%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F), [археологиялық](https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D1%85%D0%B5%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F), [эстетикалық](https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0), [этнографиялық](https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D1%82%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F), [тарихи](https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%81%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F), [ғылыми](https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D1%83%D0%BA%D0%B0) немесе шығармашылық көзқарас тұрғысынан алғанда құнды және өзінің түпнұсқалығын сақтаған жер, құрылыс (туынды), кешен (ансамбль), солардың бөліктері, солармен байланысты аумақтар немесе су нысандары, басқа табиғи, табиғи антропогендік немесе адаммен жасалған нысандар.

**Мәдени мұра нысандарын жіктеу**

**Мәдени мұра нысандарының типтері**

**Құрылыстар (туындылар)** - табиғи және адаммен жасалған элементтері бар сәулет өнері және инженерлік өнер туындылары, монументальды мүсіндеу және монументальды қолөнер туындылары, археологиялық нысандар, адам тіршілігінің белгілері бар үңгірлер, елеулі тарихи оқиғалар, өмірлер және танымал тұлғалардың қызметі туралы түпнұсқалық куәліктері бар сондағы ғимараттар немесе орынжайлар.

**Кешендер (ансабльдер)** - топографиялық анықталған жекелеген немесе бір-бірімен өзара байланысқан тағайындалуы әртүрлі, өзінің сәулет өнерімен және ландшафтпен органикалық байланысымен ерекшеленетін құрылыстардың жиынтығы.

**Көрнекті жерлер** - біздің заманымызға дейін жеткен, антропологиялық, археологиялық, эстетикалық, этнографиялық, тарихи, шығармашылық, ғылыми немесе көркемдік көзқарас тұрғысынан алғанда құнды топографиялық анықталған аймақтар немесе ландшафтар, табиғи, табиғи антропогендік туындылар.

**Мәдени мұра нысандарының түрлері**

**Археологиялық** - үлкен қалалардың, көне ауылдардың, тұрақтардың, бекіністердің, әскери лагерьлердің, өндірістердің, суару құрылыстарының, жолдардың, қабірлердің, діни орындардың және құрылыстардың қалдықтары, мегалиттер, жартасқа салынған бейнелер, тарихи мәдени қабаттар, бұрынғы соғыс далалары, алғашқы және көне адамдар тіршілігінің қалдықтары;

**Тарихи** - үйлер, құрылыстар, олардың кешендері (ансабльдері), жекелеген қабірлер және қорымдар, маңызды тарихи оқиғалармен, әйгілі тұлғалардың өмірі және қызметімен, халықтардың мәдениетімен және тұрмысымен байланысты көрнекті жерлер;

**Монументальдық өнер** - дербес (жекелеген) те, сәулет өнерімен, археологиялық және басқа көрікті жерлермен немесе солармен құрылған кешендермен (ансамбьдермен) байланысты бейнелеу өнерінің туындылары;

**Сәулет өнері және қала құрылысы** - тарихи орталықтар, көшелер, кварталдар, алаңдар, сәулет өнері ансамбльдері, көне жоспарлау және құрылысы қалдықтары, жекелеген сәулет өнері құрылыстары, сондай-ақ солармен байланысты монументальды, сәндік және бейнелеу өнерінің туындылары;

**Бау-саябақ өнері** - табиғи және адаммен жасалған ландшафтармен бірге саябақ құрылыстарының үйлесімі;

**Ландшафттар** - тарихи құндылығы бар табиғи аумақтар.

**Мәдени мұраны сақтау бойынша іс-шаралар**

**Олардың түпнұсқалығын** олардың түріне мейлінше аз араласу арқылы сақтау;

**Қалпына келтіру (ревалоризация)** - мәдени мұра нысандарының мәдени және функционалдық қасиеттерін қалпына келтіру, оларды пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша іс-шаралар;

**Жаңғырту** - мәдени мұра нысандарының физикалық күйін бекіту (консервілеу), мейлінше сипаттайтын белгілерін ашу, жоғалтылған немесе зақымданған элементтерін олардың түпнұсқалығын қамтамасыз ете отырып жаңғырту бойынша шаралар;

**Мұражайландыру** - мәдени мұра нысандарын экскурсиялық көру үшін жарамды күйге келтіру бойынша іс-шаралар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azirgi-lemdegi-aza-stan-p-ni-10-synyp-m-deni-m-ra-azhetti-a-parat-753689](https://yvision.kz/kk/post/azirgi-lemdegi-aza-stan-p-ni-10-synyp-m-deni-m-ra-azhetti-a-parat-753689)