---
title: "Қазіргі «Алпамыстар» өскенде кім болады?"
description: "Бүгін білім күні. Мерекеге орай жаз бойы демалған астаналық және алматылық бүлдіршіндер бізбен сырла..."
author: "Arsik"
published: "2013-09-01T00:04:37+00:00"
modified: "2013-09-01T00:14:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azirgi-alpamystar-skende-kim-bolady-371856"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azirgi-alpamystar-skende-kim-bolady-371856/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазіргі «Алпамыстар» өскенде кім болады?

> Бүгін білім күні. Мерекеге орай жаз бойы демалған астаналық және алматылық бүлдіршіндер бізбен сырла...

* Бүгін білім күні. Мерекеге орай жаз бойы демалған астаналық және алматылық бүлдіршіндер бізбен сырларымен бөлісті: кішкентай болса да, болашақ мамандығын таңдап, өскенде дәрігер, ғарышкер, суретші болғысы келеді екен.*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/6KkMnLUA9JL3fRD0sBE710335Q5Iv8.jpg)

**Нұргелді Ерхатов**, 6 жаста, №143 орта мектепке барады:

- Мен өскенде ағам сияқты суретші болғым келеді. Қазірде өзіме сурет салған өте ұнайды. Жақсы сурет салатын сияқтымын. Суретшілердің қанша ақша алатынын бірақ білмеймін, меніңше бастысы жұмысың саған ұнаса болды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/307HjUvPUcXHSx4fw7dhD5q370Zxh2.jpg)

**Әділ Арманов**, 5 жаста, дайындық сыныбында:

- Мен өскенде архитектор болғым келеді. Үйлер мен әдемі ғимараттар салғым келеді. Архитектор жайлы маған әкем көп нәрсе айтып берген. Меніңше, ол адамдарға көп жақсылық әкелетін жұмыс.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/i9hlwTTq3800O5Qvp3wJ8qdSvyc4ZS.jpg)

**Абылай Балсейіт,** 5 жаста, дайындық сыныбында:

- Мен нақты білмеймін. Мүмкін космонавт болғым келетін шығар. Олар өте күшті әрі батыр. Және де аспанға, жұлдыздарға оңай ұшып бара алады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/nt8SSCKZ0JW6h2N7SsCVdO4ip5x7u6.jpg)

**Даниал, **7 жаста, 60 лицей, Мимиория орталығында оқиды:

** **

- Маған Майкл Джексон өте ұнайды, өскенде cол сияқты биші болғым келеді. Қазір де би үйірмесіне барып жүрмін.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/u951oRKHMQUNTOh8trLumTcG0G1kF6.jpg)

**Мадина, **7 жаста, 64 лицей:

** **

- Мен биыл мектепке барамын. Өскенде әнші болғым келеді, өйткені ән айту маған ұнайды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/2k982UvkJQG10smu3ZmGTIC8jBKe9c.jpg) **Бейбарыс, **7 жаста, 64 лицей:

** **

- Мен биыл екінші сыныпқа барамын. Сүйікті сабағым - математика, өйткені сандар өте қызық. Өскенде дәрігер болғым келеді, адамдарға көмектесемін.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/dMe5R4msqSlX8FnfcYEitHt0F72Uxs.jpg)

**Елдос, **9 жаста, 64 лицей: - Биыл үшінші сыныпқа барамын, жақсы көретін сабағым - бейнелеу өнері. Сурет салуды ұнатамын. Ал өскенде адамдарды құтқарып, өрт сөндіруші боламын. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/a6Ps42HDusN5mkqXOw58kG9lpC7a1l.jpg) *Материалды дайындаған:* *Айжан Кәрібаева* *Айжан Байтанова*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azirgi-alpamystar-skende-kim-bolady-371856](https://yvision.kz/kk/post/azirgi-alpamystar-skende-kim-bolady-371856)