---
title: "Қазір елімізде коронавирусқа қарсы екпе жоқ екен"
description: "Қазір неден қорғанып, бетперде таққызып жатқанын білмейміз. Бәлкім коронавирустан шығар? Бірақ бізде оған қарсы екпе жоқ екен ғой. Фото: gov.kz Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, дәл қазір Қазақстанда COVID-19-ға қарсы екпе..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-02-22T07:02:33+00:00"
modified: "2024-02-22T07:04:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azir-elimizde-koronavirus-a-arsy-ekpe-zho-eken-1001449"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azir-elimizde-koronavirus-a-arsy-ekpe-zho-eken-1001449/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазір елімізде коронавирусқа қарсы екпе жоқ екен

> Қазір неден қорғанып, бетперде таққызып жатқанын білмейміз. Бәлкім коронавирустан шығар? Бірақ бізде оған қарсы екпе жоқ екен ғой. Фото: gov.kz Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, дәл қазір Қазақстанда COVID-19-ға қарсы екпе...

*Қазір неден қорғанып, бетперде таққызып жатқанын білмейміз. Бәлкім коронавирустан шығар? Бірақ бізде оған қарсы екпе жоқ екен ғой. *

![Қазір елімізде коронавирусқа қарсы екпе жоқ екен](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/e19e506a83b2db70fe9724c88b94ae.jpg)

Фото: gov.kz

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, дәл қазір Қазақстанда COVID-19-ға қарсы екпе салдырғысы келетіндер ол ниетіне жете алмайды. Өйткені елде ондай вакцина жоқ.

Есмағамбетова бүгінде тіпті мұндай екпе салдыру талап етілмейтінін де айтты.

Енді сұрақты қайталаймыз: онда кейбір жерлерде адамдар бетперде тағып, неден қорғанып жүр? Әлде бетперде тағу режимін алып тастады ма? Бірақ оны жақында ғана енгізген сияқты еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azir-elimizde-koronavirus-a-arsy-ekpe-zho-eken-1001449](https://yvision.kz/kk/post/azir-elimizde-koronavirus-a-arsy-ekpe-zho-eken-1001449)