---
title: "Азаттықты аңсаған Алаш"
description: "«Әр бір халықтың, өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады. Оны сол халықтың әр бір азамат..."
author: "Konilkosh"
published: "2017-09-30T10:57:37+00:00"
modified: "2017-09-30T10:57:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azatty-ty-a-sa-an-alash-780274"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azatty-ty-a-sa-an-alash-780274/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Азаттықты аңсаған Алаш

> «Әр бір халықтың, өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады. Оны сол халықтың әр бір азамат...

![Азаттықты аңсаған Алаш](https://storage.yvision.kz/images/user/konilkosh/8q1M6ps0908LtY2ZAKnUPW9sctd149.png)

*«Әр бір халықтың, өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады. Оны сол халықтың әр бір азаматы біледі. Ол рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі»*

*«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан*

Елбасымыздың осы идеясын жүзеге асыру аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасында «Туған елге тағзым» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба белгілі кең байтақ туған жеріміздің тарихымен, мәдениетімен, өнеркәсібімен танысуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы «Алаш Орда ізімен» тақырыбында Атырау қаласының оқушылары Алматы және Талдықорған қалаларына аттандық. Алдын ала жоба бойынша бағдарламамен танысып, зерттейтін ғылыми жұмыстардың бағыты мен тақырыбын таңдаған болатынбыз. Мен осы жоба барысында «Алаш Орданың бүркеншік есімдері» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргіздім . Осы зерттеу тақырыбын таңдаудағы басты мақсатым: Қазақ тарихында халқы үшін Алаш қайраткерлерінің Тәуелсіз ел болу үшін қарумен емес қолдарына қалам алып күрескен ерлігін сипаттау. Сол кездегі саяси жүйенің қатаң қыспағына қарамастан қазақ халқының тағдырын өлеңдеріне қосып, хаттарына жазып өз ойларын білдірген еді. Әрине олардың бұл әреткеттері үшін жалған айыптау мен қатаң жазалауға ұшырағанын қазақ халқы біледі деп санаймын. Алаш қайраткерлері сол қатаң саяси жүйенің қыспағына қарамастан өз ойын білдіруде бүркеншік есімдерді қолдана отырып, халықтың жағдайын көрсеткен еді.

Мен өз зерттеуімде Алаш қайраткерлерінің қандай бүркеншік есімдері болған? Олар бүркеншік есімдермен қандай тақырыпта мақалалар жазған? Қандай мақсатта жазған? Бүркеншік есімдерді қолдана отырып жазған еңбектерінің оларға әсері қандай болды, мақсаттарына жете алды ма? Одан кейінгі тағдыры қалай болды? Және де қазіргі таңда бүркеншік есіммен жазылған қандай тарихи әдеби шығармалары жарияланып, қаншасы әлі жарияланбаған? деген зерттеу сұрақтарды қарастыратын боламын.

Зерттеу нәтижесінде қайраткерлеріміз бір емес бірнеше бүркеншік есім қолданғанын анықтадым. Мысалы: Б. Майлинде 74-ке жуық бүркеншік есімі, М. Әуезовте 14 есім, Ә. Бөкейханов пен С. Мұқановта 40-қа жуық есімдері болды. Мысалы: С. Мұқановтың есімдері: «Мұқрип», «М.С.», «МС», «М», «Сым»; І. Жансүгіровтың есімі: «қара жаяу», «І», «Ілияс»; М. Дулатовтың есімі: «бұйра шал», «Алашұлы Азамат», «Арғын», «Мияркуб»; Ә. Бөкехановтың есімдері: «батыр бала», «қиял қазағы», «қыр баласы», «сын степей», «Ә.Н», «Қыр ұлы», «Қыр баласы», «Ғали хан», «Әли хан», «Арыс ұлы».

«Бір емес, бірнеше бүркеншік есімдерді не себебті қолданған?» деп ойлатын шығарсыздар. Әрине, бұнын да өз жауабы бар. Бүркеншік есімдердің қолдануының басты себебі, біріншіден, БАҚ- тарға мақала жариялау; екіншіден, қайраткердердің жаңалықтарға еліктеушілігі; үшіншіден, қуғын- сүргіннен бой тасалау.

Сонымен қатар мақалаларды жариялау арқасында олар өз елі туралы жазған, халықтың және мемлекет құқықтарын және жерді қорғау үшін жазған. Мысалы: Ә. Бөкейхановтың «Әли хан» есімі арқылы 1914 жылында «Мұсылман сиезі» атты мақаласы жазылды. «Закон жобасында жазылған екен, әйел 13 жасқа толса, некеге шарт болсын деп. Талғат, доктор, Хұсайынбек Ағаев 13 жаста адам баласы өсіп жетілмейді, бала көтеруге жарамайды, 13 жасар қыздың күйеуге тиюі үлкен зиян, 13 жаста ақыл да тола ма, 13-тегі бала не шаруа басқарады, законда неке шарты 16 жас болсын деді.». Бұл мақаладан алынған үзінді қайраткерлеріміздің бірі, көсбасшымыз Ә. Бөкейханов өз халқының қамын ойлап, қарапайым шаруаның құқықтарын қорғау үшін барын салғанын көруімізге болады.

Қорытындылай келе, «Туған елге тағзым жобасы» маған тек қана Алматы мен Талдықорған облыстарының әсем табиғатын өз көзімен көруге ғана емес, сонымымен қатар Қазақстан тарихынан бастаған зерттеу жұмысыма жаңа мәлімет қосып, тың ақпараттармен толықты. Жаңа сұрақтар туындап, ізденісіме жол ашты. Осы тақырыпта жұмыстарым қызу жүріп жатыр десем болады. Бұл тек бастамасы ғана, тапқан ақпараттарымен келесі басылымда бөлісіп тұрамын.

* *

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azatty-ty-a-sa-an-alash-780274](https://yvision.kz/kk/post/azatty-ty-a-sa-an-alash-780274)