---
title: "Азат Құтпанбетов — Мемлекетттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы"
description: "Сұрақ: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік-жеке меншік әріпт..."
author: "kzppp"
published: "2016-03-23T02:10:16+00:00"
modified: "2016-04-25T04:40:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azat-tpanbetov-memleketttik-zheke-menshik-riptestik-ortaly-yny-sarapshysy-685048"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azat-tpanbetov-memleketttik-zheke-menshik-riptestik-ortaly-yny-sarapshysy-685048/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Азат Құтпанбетов — Мемлекетттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы

> Сұрақ: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік-жеке меншік әріпт...

![Азат Құтпанбетов — Мемлекетттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы](http://storage.yvision.kz/images/user/kzppp/zm07QrlSui1Q4t11o7oB1WZtkO1rGf.png)

**Сұрақ:**

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті одан әрі дамыту бағытында елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Сіздің ойыңызша, осы мәселе «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңға сәйкес қалайша реттелуде және қандай жұмыстар атқарылуда?

**Жауап:**

Баршамызға белгілі болғандай, Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам жоспарының 34-қадамы – мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту щеңберінде пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту, пенитенциарлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жеке меншік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу қадамын іске асыру аясында пенитенциарлық салада халықаралық тәжірибені зерттеу, жобаларды құрылымдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте 2015 жылдың 31 қазанында Елбасы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңына қол қойғандығын айта кетейік. Аталмыш Заңнын қабылдануымен экономиканың барлық салаларында МЖӘ қолдану аяларының ауқымы, қатысушылар шеңбері және шарттар түрлері кеңейтілді.

Пенитенциарлық салада МЖӘ механизмінің көмегімен жобаларды іске асыру бойынша нақты іске асырылған істерге келер болсақ, 2015 жылдың маусым айынан бастап жыл бойы МЖӘ Орталығының алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС өкілдерінің, сонымен қатар әлеуетті инвесторлардың қатысуымен пенитенциарлық жүйе мәселелерін талқылауға қатысты кездесулер өткізілді. Кездесулердеде қаржыландыру шарттары және пенитенциарлық жүйедегі нақты тәжірибе жөніндегі мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар МЖӘ орталығымен АҚШ, Ұлыбритания, Гермения және Франция Республикасының аталған саладағы қалыптасқан тәжірибесі зерттелді. Зерттеу барысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі бойынша жұмыс істеп жатқан объектілердің мысалында жобаны іске асырудың негізгі заңды, қаржылық және техникалық мәселелері пысықталды. Сонымен қатар түрлі елдердің құқықтық жүйелері де зерттеу барысында назардан тыс қалған жоқ. Одан бөлек, Франция заңнамасы бойынша концессиялық қатынастарды реттеу, соның ішінде бәсекелестік диалог механизмін қолдану мәселелері талқыланды.

Біздің пікіріміз бойынша, бәсекелестік диалог механизмінің қолданылуы ҚР ІІМ ҚАЖК ұсынылған «Шымкент қаласында 1500 орындық түзеу мекемесін салу және басқару» жобасы секілді ірі жобаларды іске асыру шеңберінде инвесторлардың пікірлерін есепке ала отырып, мемлекеттің ашық және дұрыс позициясын әзірлеу негізін қалауы тиіс.

**Сұрақ:**

Сіздің мекеме аталмыш Заңға байланысты қандай жұмыстарға атсалысуда? Негізгі бағыттарына тоқтала кетсеңіз?

**Жауап:**

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға қатысты Елбасының халыққа арнаған Жолдауында айтылған және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген, бюджет шығыстарын азайту құралы ретінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін қолдану және осы механизмді енгізу бойынша кең ауқымды әдіснамалық жұмыстар жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ кең көлемді істер атқаруда. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап кестеге сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде және квазимемлекеттік секторлар бойынша кеңестер, оқыту семинарлары және нүктелі семинарлар, тармақты жиналыстар өткізілуде. Аймақтық тармақты жиналыстар ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып Қызылорда, Алматы, Шығыс қазақстан облыстарында және Астана қаласында өткізілді. МЖӘ механизмінің мүмкіндіктері мен тиімділігін, сонымен қатар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңын қоғамға кеңінен түсіндіруді көздейтін, аталмыш тармақты жиналыстарға орталық және өңірлік жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор өкілдері, сондай-ақ бизнес-құрылымдар қатысты. МЖӘ механизмі жеке меншік тараптың қатысуынсыз жүзеге асыпайтындығы анық, бұл тұрғыда Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге, сонымен бірге МЖӘ Орталығының алаңында шетелдік және отандық инвесторлармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар тұрақты түрде өткізіліп жатыр. Тағы да бір айта кететін жайт, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының қабылдануымен МЖӘ жобалары экономиканың барлық салаларында жүзеге асырылуына мүмкіндік туды. Осы орайда МЖӘ Орталығы еліміздің барлық өңірлерінде жоспарланып және жүзеге асырылып жатқан жобаларға күнделікті қолдау көрсетуде. Қорыта келе, Заңның қабылдануымен туындаған жаңа мүмкіндіктер, жобалардың барлық салаларды жүзеге асырылуы, сонымен қатар МЖӘ Орталығымен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуына жаңаша серпін береді деген ойдамыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azat-tpanbetov-memleketttik-zheke-menshik-riptestik-ortaly-yny-sarapshysy-685048](https://yvision.kz/kk/post/azat-tpanbetov-memleketttik-zheke-menshik-riptestik-ortaly-yny-sarapshysy-685048)