---
title: "«Азаматтық борыш» жобасы бойынша"
description: "Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық борыш» жобасы аясында «Мәңгілік даңқ» мұражайында студент жастарға арналған бірқат?..."
author: "AselOmarova"
published: "2026-09-10T13:53:02+00:00"
modified: "2026-09-10T13:53:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamattyk-borysh-zhobasy-boyynsha-1021953"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamattyk-borysh-zhobasy-boyynsha-1021953/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Азаматтық борыш» жобасы бойынша

> Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық борыш» жобасы аясында «Мәңгілік даңқ» мұражайында студент жастарға арналған бірқат?...

**Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық борыш» жобасы аясында «Мәңгілік даңқ» мұражайында студент жастарға арналған бірқатар экскурссиялар өтті.**Мұражай қызметкерлерлері жастарға соғыс тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді таныстырса, жоба жетекшісі, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, толыстағы полковник Мұхамбетжан Әбдібеков патриоттық тәрбие беру мақсатында өзінің ақылын айтты.Жоба аясында барылығы 10 экскурссия өтуі керек. Қазіргі уақытта 6 экскурссия ұйымдастырылып, оған 60-тан астам студент қатысты. Қалған 4 экскурссия келесі аптада өтеді.Ал мұражай туралы айтар болсақ, ол 2 қабаттан тұрады, көрме кешені 2 200 шаршы метр алаңды қамтиды. Мұражайда 20-шы ғасырдың басынан бері қолданылған кеңестік әскери техника мен қару-жарақтың үлкен коллекциясы бар. Олар: бронды қару-жарақ пен техника, жер үсті артиллериясы мен минометтар, әуе қорғанысы күштері, арнайы техника. Сонымен бірге мұражайдың екінші қабатында ауған соғысының тарихи жәдігерлері қойылып, ауған соғысындағы қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімі ілінген.

![«Азаматтық борыш» жобасы бойынша](https://storage.yvision.kz/images/user/582720/e54548825e289423cfe14b0a13dc5d28.png?width=1473&height=1100)

![«Азаматтық борыш» жобасы бойынша](https://storage.yvision.kz/images/user/582720/68174efc73d62bb100a7431792eecf2b.png?width=1419&height=1065)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azamattyk-borysh-zhobasy-boyynsha-1021953](https://yvision.kz/kk/post/azamattyk-borysh-zhobasy-boyynsha-1021953)