---
title: "Азаматтық қоғамды дамытуға тың қадам"
description: "Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «жалпы мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру үшін азам..."
author: "almatinskaya.nurotan.kz"
published: "2020-11-23T13:48:55+00:00"
modified: "2020-11-23T13:48:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamatty-o-amdy-damytu-a-ty-adam-877798"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamatty-o-amdy-damytu-a-ty-adam-877798/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Азаматтық қоғамды дамытуға тың қадам

> Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «жалпы мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру үшін азам...

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «жалпы мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру үшін азаматық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану керек» деген еді. Президенттің сөзі үкіметтік емес ұйымдардың қоғам дамуының маңызды бөлшегі екенін тағы дәлелдейді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/440496/4928efadd94fa70ae7f026bb818217.jpg)

Бүгін «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Қазақстанның әлеуметтік жаңаруындағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Аты айтып тұрғандай, жиынға аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілер мен мүшелері қатысты. Жиын барысында еліміздің дамуы жолында азаматтық қоғам институттарын құрудың маңыздылығы жайлы айтылды. Жиынға сөзінше, билік пен халық арасындағы алтын көпірді орнатуда қоғамдық қорлардың орны ерекше. Сондықтан, үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетілуі керек.

- Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қоғамның кез келген мәселесін шешетін билік пен халық арасындағы байланыс көпіріне айналды. Сонымен қатар қоғамда ынтымақ пен ауызбіршіліктің болуына үлесін қосып келеді. Ел Президенті өз жолдауын азаматтық қоғамды дамыту, сол арқылы билік пен бұқара арасына алтын көпір қалыптастыруды қолға алу қажеттігін нығырлап айтып жүр. Шыны керек өазір үкіметтік емес ұйымдардың жұмысында қарқын бар. Олар өз қоғам алдындағы миссиясын жүйелі атқарып келеді, - деді «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев.

Жиын барысында қатысушылар жан-жақты пікір алмасты. Азаматтық қоғамды дамытудың жайы талқыланды. Түрлі ұсыныстар айтылып, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына серпін болар жайттар қамтылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azamatty-o-amdy-damytu-a-ty-adam-877798](https://yvision.kz/kk/post/azamatty-o-amdy-damytu-a-ty-adam-877798)