---
title: "«Азаматтық бақылау» өз жұмысын жалғастыруда"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті әлеуметтік т..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-09-28T07:21:16+00:00"
modified: "2016-09-28T07:21:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamatty-ba-ylau-z-zh-mysyn-zhal-astyruda-714592"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamatty-ba-ylau-z-zh-mysyn-zhal-astyruda-714592/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Азаматтық бақылау» өз жұмысын жалғастыруда

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті әлеуметтік т...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдау өткізеді.

Сонымен, 2016 жылдың 20 қыркүйекте қоғамдық қабылдауда Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Искакова Ділдаш Салауатқызы азаматтарға қабылдау өткізді.

Қабылдауда аз қамтылған азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу және халықты жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру, әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласында азаматтардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azamatty-ba-ylau-z-zh-mysyn-zhal-astyruda-714592](https://yvision.kz/kk/post/azamatty-ba-ylau-z-zh-mysyn-zhal-astyruda-714592)