---
title: "Азаматтың арда ісі сүйсіндіреді"
description: "Өйткені «Азаматына қарап ауылын таны» деген тәмсіл бар. Сондай ерлер ел ішінде әлі де бар. Мәселен Е..."
author: "userfacebook1956386281148330"
published: "2020-08-27T06:43:31+00:00"
modified: "2020-08-27T06:43:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamatty-arda-isi-s-ysindiredi-864760"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamatty-arda-isi-s-ysindiredi-864760/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Азаматтың арда ісі сүйсіндіреді

> Өйткені «Азаматына қарап ауылын таны» деген тәмсіл бар. Сондай ерлер ел ішінде әлі де бар. Мәселен Е...

Өйткені «Азаматына қарап ауылын таны» деген тәмсіл бар. Сондай ерлер ел ішінде әлі де бар. Мәселен Еңбекшіқазақ аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының Саяси Кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Осан Жангелді. Бұл азамат тек көшбасшы емес, кәсібін дөңгелеткен ісмер азамат. Іскерлігінен бөлек елдің жайына болысып, жерлестерінің жыртығын жамап, жағдайына болысып жүретін қасиеті де бар. Бір сөзбен айтқанда қайырымдылық жасауда өзгелерден оқ бойы озық жүреді. Жуырда Осан Жангелді ауылдастарына қайырым қылып, елді сүйсіндірді. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Асы ауылдық округі, Жаңашаруа елді мекеніндегі мектепке құны 420 мың теңге тұратын антисептик тунелін сыйға тартты. Бұл ауыл мектебі үшін пандемия уақытында аса қажет еді. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында онлайн режимде сабақ оқу үшін оқушыларға компьютер де ауадай қажет еті. Қайырымды жан 8 ноутбук пен мектепке қажетті кеңсе тауарларын да тарту етті. «Азаматтың айтқанын емес, істегенін сөз ет» деген, Осан Жангелді елдегі медициналық мекемелерге ауа жетіспеушілікте қосылатын қондырғылардың да қажеттігін сезініп, Асысаға ауылының амбулаториялық емханасына 560 теңге тұратын оттегі концентраторын алып берді. «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» деген осы. Мұндай азаматтарға елдің алғысынан асқан құрмет те, сыйда қажеті жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azamatty-arda-isi-s-ysindiredi-864760](https://yvision.kz/kk/post/azamatty-arda-isi-s-ysindiredi-864760)