---
title: "Азаматтардың «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сұрау салулары бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жөнінде оқу семинары"
description: "2016ж. 21 шілдеде Ақмола облысы әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратында Ақмола облысы әкімдігінің об..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-07-22T04:17:18+00:00"
modified: "2016-07-22T04:17:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamattardy-a-parat-a-ol-zhetkizu-turaly-aza-stan-respublikasy-za-yna-s-ykes-s-rau-salulary-boyynsha-703529"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamattardy-a-parat-a-ol-zhetkizu-turaly-aza-stan-respublikasy-za-yna-s-ykes-s-rau-salulary-boyynsha-703529/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Азаматтардың «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сұрау салулары бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жөнінде оқу семинары

> 2016ж. 21 шілдеде Ақмола облысы әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратында Ақмола облысы әкімдігінің об...

2016ж. 21 шілдеде Ақмола облысы әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратында Ақмола облысы әкімдігінің облыстық басқармаларының және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің бірінші басшыларының, сонымен қатар, басшылардың орынбасарларының қатысуымен азаматтардың «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сұрау салулары бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жөнінде оқу семинары өтті. Семинар Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының орынбасары Д.М. Хайруллинннің төрағалық етуімен өтті.

Өзара әрекеттестік аясында және жұмыстың тиімділігі үшін семинарға Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ж. Ә. Темірханова және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасының өкілі, құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Д.Ш. Төкеев шақырылды.

Семинар барысында Д.Ш. Төкеев жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың негізгі проблемалары мен тәртіптерінің бұзылуын, соның ішінде мемлекеттік органдардың жауапты өтiнiш берiлген тiлде бермеуі және т.б. түсіндірді .

Сонымен қатар, азаматтардың **«Ақпаратқа қол жеткізу туралы»** Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сұрау салулары бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жөнінде Департаменттің Әкімшілік басқармасының басшысы Қ.Е. Қалықов сөз сөйледі.

Баяндамада ақпарат иелері мен ақпаратты алушылардың құқықтары мен міндеттеріне, ақпарат беру кезіндегі шектеулерге қатысты мәселелер, ауызша және жазбаша сауалдарды қарау тәртібі, сондай-ақ, азаматтардың сұратқан ақпаратын беруден негізсіз бас тартқаны үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілік тартуы жөніндегі мәселелер ашылды.

Кездесудің аяғында баяндамашылар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

![Азаматтардың «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сұрау салулары бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жөнінде оқу семинары](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/m2qZrc1r6zwZpC7l5kwuaTN6Sw8y5q.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azamattardy-a-parat-a-ol-zhetkizu-turaly-aza-stan-respublikasy-za-yna-s-ykes-s-rau-salulary-boyynsha-703529](https://yvision.kz/kk/post/azamattardy-a-parat-a-ol-zhetkizu-turaly-aza-stan-respublikasy-za-yna-s-ykes-s-rau-salulary-boyynsha-703529)