---
title: "Азамат саулығы — ел саулығы"
description: "Білім алып, жұмысқа тұрып, отбасын құрып, бала тәрбиелеу үшін кез келген адамға бірінші кезекте кере..."
author: "qazaq_bala"
published: "2015-06-11T16:35:07+00:00"
modified: "2015-06-11T16:35:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamat-sauly-y-el-sauly-y-508728"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/azamat-sauly-y-el-sauly-y-508728/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Азамат саулығы — ел саулығы

> Білім алып, жұмысқа тұрып, отбасын құрып, бала тәрбиелеу үшін кез келген адамға бірінші кезекте кере...

**Білім алып, жұмысқа тұрып, отбасын құрып, бала тәрбиелеу үшін кез келген адамға бірінші кезекте керек дүние – денсаулық. Қай заманда болмасын «қалт айтпайтын халық» осылай деген. Дәл осы тақырып туралы сөз қозғалғанда мемлекет тарапынан қолға алынып отырған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы туралы айта кеткен жөн шығар. Көзім шалған шағын ақпаратпен бөлісе кетуді дұрыс деп таптым.**

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданды.

Бағдарламаның мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

Бұл бағдарламаға кірген негізгі, өзекті міндеттер келесідей екен:
- азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту:
- бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;
- медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай негізгі жетістіктерге қол жеткізуге тиіс:

![Азамат саулығы — ел саулығы](http://storage.yvision.kz/images/user/qazaq_bala/s96JJq70EyspM30g2m41Iqf9I2BfvM.png)

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

- халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы;
- ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі;
- нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі;

![Азамат саулығы — ел саулығы](http://storage.yvision.kz/images/user/qazaq_bala/UV0rL52dZ65mg75AtwAzwP5isz3yiP.png)

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

- жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;
- туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98, 1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;
- 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 пайыз шегінде ұстау.

Қайткен күнде де, деніміздің саулығы өз қолымызда екенін ұмытпау керек-ау. Себебі, елдің, қлттың, отбасының болашағына салынған ең үлкен инвестиция – тән мен жанның амандығы.

[Ortcom.kz](http://ortcom.kz/ru/program/program-medicine/text/show)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/azamat-sauly-y-el-sauly-y-508728](https://yvision.kz/kk/post/azamat-sauly-y-el-sauly-y-508728)