---
title: "Қазақ қызы тарихта тұңғыш рет әлемнің ең биік шыңы..."
description: "Анар Бурашова теңіз деңгейінен 8 848 метр биіктікте орналасқан шыңға бес тәулік бойы өрмелеген. Оған атақты альпинист Мақсұт Жұмаев жолсерік болыпты. «Kazakh Everest Team» командасы әлемнің ең биік нүктесінде еліміздің көк туын желбіретті. Енді..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-12T13:22:00+00:00"
modified: "2024-05-12T13:22:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-yzy-tarihta-t-ysh-ret-lemni-e-biik-shy-y-everestti-ba-yndyrdy-1004518"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-yzy-tarihta-t-ysh-ret-lemni-e-biik-shy-y-everestti-ba-yndyrdy-1004518/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ қызы тарихта тұңғыш рет әлемнің ең биік шыңы...

> Анар Бурашова теңіз деңгейінен 8 848 метр биіктікте орналасқан шыңға бес тәулік бойы өрмелеген. Оған атақты альпинист Мақсұт Жұмаев жолсерік болыпты. «Kazakh Everest Team» командасы әлемнің ең биік нүктесінде еліміздің көк туын желбіретті. Енді...

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/87e02eb02994d11dae7674c65818b5.jpg)

Анар Бурашова теңіз деңгейінен 8 848 метр биіктікте орналасқан шыңға бес тәулік бойы өрмелеген. Оған атақты альпинист Мақсұт Жұмаев жолсерік болыпты.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/7199359af88a884eaeb6aa8a9bd52d.jpg)

«Kazakh Everest Team» командасы әлемнің ең биік нүктесінде еліміздің көк туын желбіретті. Енді қайтадан төмен түсу үшін альпинистер тынығып жатыр екен. Күш-қуатын жинап, әл-дәрменін қалпына келтіргесін ақырындап төмен ылдилайды. Эверестке шығу да түсу де қиын әрі қауіпті. Соған қарамастан Мақсұт Жұмаев осы шыңды үшінші рет бағындырып отыр.

[Диас Нұрақын](https://www.facebook.com/profile.php?id=100005557454372)ның жазбасы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-yzy-tarihta-t-ysh-ret-lemni-e-biik-shy-y-everestti-ba-yndyrdy-1004518](https://yvision.kz/kk/post/aza-yzy-tarihta-t-ysh-ret-lemni-e-biik-shy-y-everestti-ba-yndyrdy-1004518)