---
title: "Қазағыма"
description: "Сыйласа егер әр қазақ өз тарихын, Салт-дәстүрін терең бойлап қараса шын, Қазіргі болып жатқан шатасу..."
author: "VseProSSto"
published: "2012-04-24T11:24:18+00:00"
modified: "2012-04-24T21:55:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-yma-251399"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-yma-251399/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазағыма

> Сыйласа егер әр қазақ өз тарихын, Салт-дәстүрін терең бойлап қараса шын, Қазіргі болып жатқан шатасу...

*Сыйласа егер әр қазақ өз тарихын,*

*Салт-дәстүрін терең бойлап қараса шын,*

*Қазіргі болып жатқан шатасудың,*

*Ажыратып алар еді ақ-қарасын.*

* *

* *

*Ең алдымен жүректерге қарасаңыз,*

*Біз қазақ адалдыққа таласамыз,*

*Абыройды төгуге қорыққаннан,*

*Ар-ұятты сақтауға тырысамыз.*

* *

* *

*Бірақ қазір құндылықтар ауысқан күн,*

*Ақшалы мен қалталы табысқан күн,*

*Ары менен намысты ұмыта сап,*

*Дүние мен мүлікке тартысқан күн.*

* *

* *

*Рухани байлық деген сөз жоғалды,*

*Иман десе қазағың шошынған күн,*

*Абайларға еліктеп сақал қойсаң,*

*Бетіңе тік қараудан тосылған күн.*

* *

* *

*Туылған қорқынышсыз асылдан кім?*

*Туды ғой имандылар қысылған күн.*

*Жамандықтан қайтарып жақсы айтсаң,*

*Дейді саған “күнәхар кім, мұсылман кім”?*

* *

* *

*Қайтейін қазағымның қонақжайын,*

*Тұрса егер дастарханда арақ дайын,*

*Шәй беріп, айран берсең “ойбай, ұят!”,** *

*Арақ ішу шаруа ғой **“**қарапайым**”**!*

* *

* *

*Осы ма салты менің қазағымның?!*

*Осы ма кең шырқауы азат елдің?!*

*Биік болсаң дәлелде қайран қазақ,*

*Тек кетпесін бір беті парағымның...*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-yma-251399](https://yvision.kz/kk/post/aza-yma-251399)