---
title: "Қазақтың жаңа әуекомпаниясы"
description: "Жақында Қазақстан аспанында жаңа Qazaq Air әуе тасымалдаушы компаниясының ұшақтары алғашқы рейстерін..."
author: "AidynFlight"
published: "2015-10-10T09:10:46+00:00"
modified: "2015-10-10T09:20:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-zha-a-uekompaniyasy-577465"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-zha-a-uekompaniyasy-577465/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақтың жаңа әуекомпаниясы

> Жақында Қазақстан аспанында жаңа Qazaq Air әуе тасымалдаушы компаниясының ұшақтары алғашқы рейстерін...

Жақында Қазақстан аспанында жаңа Qazaq Air әуе тасымалдаушы компаниясының ұшақтары алғашқы рейстерін орындады. Бұл әуе компания тұралы біраз айтып кетейін.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/RDfta3wEUxfx2ISr9lvX2pdpNyUpXF.jpg)

Qazaq Air – Қазақстандағы ішкі бағыттарға қызмет көрсету үшін құрылған жаңа жергілікті әуекомпания. Әуекомпанияның жүз пайыз акциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на жатады.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/5pNt4ryo4V9EdYPfLMgk7sv8ve22bY.jpg)

Бір тоқтап көңіл бөлетін жайт, компанияның заманауи және ерекше логотипі. Бұл жерде 14 шеңбер қазақстанның 14 облыстарын білдіреді және бұл облыстарды бір бірімен біріктіруді, байланыстыруды білдіреді.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/L45nZ0nVy1jtwsWoehrKNrJ7M4eWR3.jpg)

Қазыргі таңда Qazaq Air флотында турбовинтті Bombardier Q400 NextGen 3 ұшағы бар. Бұл ұшақ өзінің жоғары деңгейдегі қауіпсіздік стандарттарымен, төмен эксплуатациялық шығынымен, жүк сиымдылығымен және шу деңгеінің төмендігімен танымал.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/RIw0C8YR2NR5bCKNmzD0hVRT6KtV50.jpg)

78 орын бар бұл ұшақ 2063 шақырымға ұшалады. Ұшу биіктігі 7620 м ал жылдамдығы 667 ш/сағ., бұл көрсеткіштер реактивті ұшақтардан сәл төмен болғанмен жақын сапарда маңызды емес, мысалға басқа әуекомпания ұшақтары Алматыдан - Шымкентке 1 сағатта қатынаса, Qazaq Air ұшақтары 1сағат 20 минутта жетеді. Өте маңызды болып, бұл ұшақтардың ауа райы қатаң мемлекеттерде жақсы тәжирибесі болып табылады. Қыс мезгілінде еш күрделі мәселе туындамайтынына үміттемін.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/YbGV08gWls74OB4A9D57VwIkq33e41.jpg)

Ал біздің сапарымыз Алматыдан - Ақтөбеге, Шымкент арқылы болмақ.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/Qc46Og3CgVwFc7jJ9ff4y825JwFzWd.jpg)

Ұшақ дайын. Бізге P4-AST бұйырып тұр.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/6y3XNZ4qm2DU5Zai1zAjyc341ya9jn.jpg)

Qazaq Air ұшағына қош келдіңіз!

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/9Na76JL3881IPiaXbW2MBfI7YcL8n4.jpg)

Регина борт серігі қауіпсіздік шаралармен бізді таңыстыруда.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/41F18IjSjJJP03WbcmiQEv4LI8DNVw.jpg)

Ал кеттік

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/28NLI3b7jj835rDTcDb47lHWvvakHr.jpg)

Алатаудың баурайында жатқан Алматым

Бұл жерде бір бағыт сомасына тоқтамай кетуге болмайды. Мәселен Алматыдан - Ақтөбеге басқа әуекомпанияларының ең тиімді бір бағыттағы билет құны мынандай (мысалға 23 қазанды алғанда) Qazaq Air – 15554 теңге (бұл негізгі тариф, промо тариф сатылып кеткен)

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/3103Li2CbzWDZOmN6KlKEEYuQyWtci.jpg)

Эйр Астана 19202теңге

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/532EG4TsBGhi2FZpWB7dZGyYflBhME.jpg)

Бек Эйр 16497теңге

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/WCBk3Yu9gFH7EXD3tqVhTRCQWs2g6g.jpg)

СКАТ – тіпті ғаламтор парақшасы билеттің бәрі сатылып кеткенін айтады.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/1WG9VnFXMLbb9971B8QU12LhaPWGHw.jpg)

Aviata - Авиабилеттерді сатып алу қызметі былай дейді.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/eYe9MrubzXC2x9NefAymUz3DWogtGZ.jpg)

Әрине тікелей байланыс ыңғайлы және жылдам, алайда сіз отбасымен жол жүрсеңіз экономикалық тұрғыда ең тартымды болып qazaq air шықты.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/sGeYJvlYzvG0nZ3VozK17f3K892k3s.jpg)

Шетелдік журналда Qazaq Air дүние жүзіне танымал Qantas пен Трансаэро қатарында.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/ICfH6DXZ94dMRmCac6i86MF6tsg5ls.jpg)

Әріптесім Алімжан, Қазақ эйр ұсынған жаңа "вингвью" көрінісін суретке түсіруде.

Ал енді қызмет көрсету деңгейіне тоқтасақ. Жаңаның аты жаңа, орындардың қатар арасы Боинг пен Аэробустан кем емес, кеңдігі сәл тарлау, дегенмен қысқа жолға шыдамды. Борт серіктерге келсек, көздерінде от жалындап тұр, жаңа істің бас қатарында тұрғаны көрініп тұр. Қысқа жолда печенье мен сусындардың түр-түрі, ал ұзақ жолда сэндвич ұсынады.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/C30q3WT4YG93qB3NX8jls2wDX98djC.jpg)

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/Qw51bnYpDtbdcaGsZp1vn571adeoka.jpg)

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/y8Vd5vL67YtPUiv7Srav0oTU0kWRYw.jpg)

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/51s2nykwpOo00sz2ancFLHV4A2zqCz.jpg)

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/rf86ve5a6Rp8G6X5Q4IN8W6icEhz0A.jpg)

Ауа райының жақсы болғаны ма, әлде қолайсыз ауа ағымы, біз борт ішінде бар екенін білгені ма, Алматы – Шымкент – Ақтобе – Шымкент – Алматы сапарымызда еш кемшілік болмады.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/n8ITf9IiW0CDq3Cb0zqz1FHgv6fj9f.jpg)

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/8xO6QG8NE59asETV4b1NiBdLOtcL6U.jpg)

Әріпті енді таныған, ұшақтағы көршім, қауіпсіздік парақшасын оқып зерттеуде.

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/2312W5kieKlKo16VG1B619jPoOq5e7.jpg)

Қош бол Ақтөбе!

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/7biWPM2PvXVk89mhpoWe8f6lFNW0NZ.jpg)

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/nxU3SZaMTFLdnJDH7Y92965B5TmE5A.jpg)

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/ikhjMhQPhBEhzye1C8mCL748NZKrgq.jpg)

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/2Fjy6GEYh0sxsVDVAELqrrM3tjFxKr.jpg)

![Қазақтың жаңа әуекомпаниясы](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/gZzbJysD2j26VmbF9yv6cA7elQjk1O.jpg)

Қазақ Эйр әуекомпаниясына тек іске сәт ашық аспан.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-zha-a-uekompaniyasy-577465](https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-zha-a-uekompaniyasy-577465)