---
title: "Қазақтың «өз» саясаты басталды"
description: "Байқасаңыз, қазір Қазақстан өзгерді. Анау-мынау емес, Назарбаевтың өзі бұл өзгеріске мүдделі екенін ..."
author: "tracyb"
published: "2017-04-23T07:33:28+00:00"
modified: "2017-04-23T07:33:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-z-sayasaty-bastaldy-764521"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-z-sayasaty-bastaldy-764521/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақтың «өз» саясаты басталды

> Байқасаңыз, қазір Қазақстан өзгерді. Анау-мынау емес, Назарбаевтың өзі бұл өзгеріске мүдделі екенін ...

Байқасаңыз, қазір Қазақстан өзгерді. Анау-мынау емес, Назарбаевтың өзі бұл өзгеріске мүдделі екенін ашық айтып жүр. Неге? Бұл өзгеріс кім үшін жасалып жатыр? Мүмкін, мемлекеттік басқаруды қайта модернизация жасауда қазақы қоғамның күш-жігеріне салмақ түскен шығар. Әлде, бұдан басқа жолы қалмады ма? Бұған жауап беру әрине, қиын.

Кешегі күні, қазақ қоғамында беделі биік **үш ақсақалмен** кездескен **Назарбаев** жоғарыдағы сұрақтарға сылап, сыйпап болса да жауап бере кетті.

* Жаңа дәуір, жаңа кезең басталды. Оның саясаты да, талабы да басқа болады. Бұл, әлемде болып жатқан **процестердің** заңды жалғасы дегенді де айтты.

* Өзгеріс, **экономикадан (өндірістен)** басқа, идеология мен ұлттық сана мен ойлау түйсіктерінің барлық қыртыстарында жаңғырады деген ойын да жеткізді.

* Сондықтан, өзгеремесең артта қаласың, өзгелер өзгеріп, барыңды тартып алуы ғажап емес деген емеурін пікір де айтылды.

 

Пы-сы: Өзгерістің болғаны жақсы. Бірақ, ұтымды, тиімді өзгеріс керек. Не де болса, Назарбаев өзгерістен, өзгертулерден шаршамайды екен. Мүмкін, бұл өзгерісті әркім «өзінен» бастау керек шығар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-z-sayasaty-bastaldy-764521](https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-z-sayasaty-bastaldy-764521)