---
title: "Қазақтың тұңғыштары"
description: "Бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасында қоғамның әр саласындағы тұңғыштар туралы әңгіме қозғады. \"Әрб..."
author: "TRK_kaz"
published: "2014-07-31T00:13:00+00:00"
modified: "2014-08-28T06:12:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-t-yshtary-427263"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-t-yshtary-427263/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақтың тұңғыштары

> Бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасында қоғамның әр саласындағы тұңғыштар туралы әңгіме қозғады. "Әрб...

*Бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасында қоғамның әр саласындағы тұңғыштар туралы әңгіме қозғады.*

> "Әрбір салада өз тұңғыштары болады. Олардың есімдері тарихта алтын әріптермен жазылып қалады. Бұл әлемде қалыптасқан үрдіс. Ал бізде қалай? Біз өз тұңғыштарымызды білеміз бе?" Жүргізуші Бейсен Құранбек

[Бағдарламада](http://kaztv.kz/ru/programs/viewArchive?id=18799) тұңғыш киноға түскен қазақ актері Қойлыбай Қарсақбаев жайлы баяндалды. Ол орыстың «I Петр» фильмінде араб Абдрахманның рөлін сомдады. Мансабы жалғаса берер еді, алайда бұл жас жігіт I I дүниежүзілік соғыс басталғанда майданға шақырылып қаза тапты.

Студияға қазақ актеріміздің немересі шаұырылып, естеліктер айтты.

Келесі кейіпкер – қазақтың алғаш темір тұларды мінген көлік жүргізушісі – Тасболат Ақышев. Ол 1935 жылы Мәскеу қаласында көлік жүргізуді игереді.

![Қазақтың тұңғыштары](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/8Bsje1ZX6pyY6lj5HHQ1V6eZR7y3FR.jpg)

Заманауи және қазіргі жастар танитын тұңғыштардың бірі – Құралай Нұрқаділова болды. Ол, бәріңіз білесіздер, тұңғыш қазақстандық дизайнер.

![Қазақтың тұңғыштары](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/rhVC40C45IH24fuGLvsIeJ6xHO42aK.jpg)

Оның айтуынша, осы табысқа жету үшін, Құралай жастайынан, дәлірек айтқанда, 15 жасынан бастап жұмыс істеді. Оған жүргізуші сенбегенде, Құралай:

> «Әкем әрқашан отбасыдағы әрбір адам өз табысына, мансабына өзі жетеді, деп айтатын».

Сонымен қатар, дизайнер боламын деген жастарға ол «табыстың 10% - талант, ал 90% - жұмысқа тәуелді» деген кеңес береді.

Қазақтың тұңғыштары аз емес, бүгінгі бағдарламада олардың кейбіреуін ғана сөз еттік.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-t-yshtary-427263](https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-t-yshtary-427263)