---
title: "Қазақты сынаушыларға"
description: "Қазақты сынаушыларғаЖамандау болды бір ермек,Желбуаз сөзге кім шыдар?«Қазақтар пәлен, түген!», - деп..."
author: "Kossanov"
published: "2013-09-16T08:00:05+00:00"
modified: "2013-09-16T08:00:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-synaushylar-a-374259"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-synaushylar-a-374259/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақты сынаушыларға

> Қазақты сынаушыларғаЖамандау болды бір ермек,Желбуаз сөзге кім шыдар?«Қазақтар пәлен, түген!», - деп...

Қазақты сынаушыларғаЖамандау болды бір ермек,Желбуаз сөзге кім шыдар?«Қазақтар пәлен, түген!», - депКөбейіп кетті сыншылар!Өрелі ойлар – төрелі,Уәжді сөзге тоқтайын.Бәлені үйіп-төгеді, Басқада сол мін жоқтайын!

Баталы сөзі – тілегі, Алдымен менің бабамды ұқ! Білесіз – қатар жүреді Жақсылық пенен жамандық!

Бұл ғұмыр – сабы қамшылық, Уақыт – мықты емшілік. Қазақта жетер жақсылық, Және де бірер кемшілік!

Қиялым - өңім, түсім бе? Қатардан қалмау - бір арман. Сынай бер қазақ ішінде, - Тек сөзді сыртқа шығарман!

Бақ құсы болып қонайын, Алашым – ардақ ұйымым. Басқаны сынау - оңайың, Өзіңді сынау – қиының!

Жеңіс те - ұғым мың түрлі, Түзелген еңбек, төзімнен! Жақсартам десең ұлтыңды - Әр қазақ, баста өзіңнен!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-synaushylar-a-374259](https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-synaushylar-a-374259)