---
title: "Қазақтың үш жүзі"
description: "Осы біз қазақ аталарымыздың тарихын білеміз бе? Тарихын білемін дегенге сұрақтарым бар: Неге біз өзі..."
author: "bolat1"
published: "2012-08-19T07:08:28+00:00"
modified: "2012-08-19T07:08:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-sh-zh-zi-284270"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-sh-zh-zi-284270/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақтың үш жүзі

> Осы біз қазақ аталарымыздың тарихын білеміз бе? Тарихын білемін дегенге сұрақтарым бар: Неге біз өзі...

Осы біз қазақ аталарымыздың тарихын білеміз бе?

Тарихын білемін дегенге сұрақтарым бар:

Неге біз өзімізді Қазақ деп атаймыз? Сонымен қоса Әзірбайжан елінде де өздерін қазақ деп атайтын ел бар, бізге мүлдем қатысы жоқ. Оған дәлел Әзірбайжан картасы:

![Қазақтың үш жүзі](http://storage.yvision.kz/images/user/bolat1/G3iLFuzkwo7IAAGWk7kaah54fvnj3P.png)

[Қазақ ауданы](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D1%80%D0%B0%D0%B9%D0%BE%D0%BD) жасыл түспен белгіленген.

Неге біз қазаққа қатысы жоқ бұларда өздерін қазақ деп атаған?

Ол аз болғандай, бәрің білесің, тағыда өздерін қазақ деп атаған [казактар](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BA%D0%B8) болды.

![Қазақтың үш жүзі](https://storage.yvision.kz/images/user/bolat1/edNJwDO78J28v8l9xxN8n4Cjf2722j.jpg)

Олардың атқа құмар екенін бәріміз білеміз. Ал сөзін қарасаң қазақи естіледі:

**Есауыл - Ауыл иесі.**

**Хорунжий - Қоржын иесі.**

**Атаман - Ел атасы мен** дегені.

Осының бәрі кездейсоқ дегенге кім сенеді екен?

Сонымен **Қазақ **деген сөздің өзі жәй сөз емес болар...

Ал енді өз қазағымды алсақ, біз үш жүзге бөлінеміз. Онысы неге?

Сонымен қоса бірінші болып Ұлы жүзді айтады. Өз басым Орта жүзден боламын.

**Ұлы **жүзді орысша **Старший **жуз деп аударған. Онысына мен келіспеймін. **Ұлы **деген сөз орысша **Великий **деп аталады. Сонда аталарымыз оларды Ұлы дегенде қай қасиетін ұлы деп есептеген?

Ал басқаларын **Кіші **деп неге төмендеткен? Қазір сол өз қазақ тілімен айтылған сөзді еш кім байқағысы келмейді. **Ұлы **дегенін ұлы деп санамай, **Кіші **дегенді мойындамай кетті. Себебі жүзге бөлісу мағынасын көрмей отырмыз. Ел тіпті осы жүзге бөлінгенінен ұялатын сияқты көрінеді, себебі теледидардан ол жайлы айтпауға тырысады, ұмытылсын дейді ме екен? Ол біздің өз тарихымыздан безгеніміз бе сонда?

Бәріне мәлім атадан қалған сөз бар: ұлы жүздің қолына таяқ беріп малға сал. Орта жүздің қолына қалам беріп дауға сал. Кіші жүздің қолына найза беріп жауға сал.

Менің ойымша үш жүзге бөлінудің негізі осы сөзде жатыр. Баяғыда аталарымыз естіген алтын заман болған тұғын. Жеріміз кең, еліміздің іргесі мықты. Тыныш жатқан заман.

![Қазақтың үш жүзі](https://storage.yvision.kz/images/user/bolat1/xP9YqgtO2UltW1H5XRP6Bm5uNd6n1r.jpg)

Сол кең байтақ жерде тұрған ел өз ара үшке бөлінген:

**Бірі** санымен өте көп болған ауыл шаруашылық пен айналысқан қара халық. Жалпы бүкіл елдің басым көпшілігі сонымен айналысқан, сондық тан оларды **Ұлы жұрт** деп атауға толық хақымыз бар. Қойдай жуас мінез осылардан келеді.

**Екіншісі **өнер қуған зерттеуші ғалымдар. Олардың ішінде емші, әнші, зергер, шаман (**шамасы келеді** дегеннен шыққан сөз), тағы сондай сияқтыларды айтқан. Олар әр елде болған, сондықтан оларды **Орта жұрт** деп айтуға болады. Өз өнерімен елге танымал болған жұрт. Жылқыдай мінез осылардан келеді.

**Үшіншісі **жауынгерлікті кәсіп еткен, шайқасуға қабілеті бар ауылдың тентек ұлдары. Олардың саны аз келген, себебі соғысу өнерінен алдына жан салмайтын, жаудың атын тұған елге жолатпайтын керемет жауынгерлер болған. Және адамның қанын ағызу үлкен күнә екенін біліп сол ауыр жүкті мойынымен көтере алатын адамдар болған. Саны аз бболғандықтан оларды **Кіші жұрт** деп атаған. Қасқыр мінез осылардан келеді.

Қазіргі адамзаттың тарихы 2 мың жыл деп көрсетіледі. Ал біздің аталарымыз Алтын заманда 50 мың жыл бақытты өмір сүрді. Сол уақыт бойы соғыс көрмеген. Сондықтан барлық уақытын өнерге, салт дәстүрге, тіл дамуына жұмсаған. Сондықтан болар, Ел іші ыдырап қантөгіс басталғанда,** алтын заман** жайлы ақпарат ұмытылып кетпесін деп, аталарымыз соны бізге аманат қылып **үш жүз болған** заман деп қалдырған болар...

Тарихтан білетін көне заманнан қалған Арий елі бар деседі. Олар дегеніміз Ары таза адамдар ғой. Әділет пен Арының тазалығын бірінші орынға қойған ел болған. Онысын бізге аманат қылып тапсырды. Біз солардың ұрпағы, қазақтың баласымыз. Бізде Өзбек ханнан бөлініп әділет пен арымыздың тазалығын сақтап жеке ел боламыз деп өзімізге **ҚАЗАҚ **деген есім алдық. Біреудің ала жібін аттамайтын, өзгеге жаманшылық тілемейтін, жаным арымның садағасы деп келген ел боламыз. Әділет іздеген ел өзін қазақ деп атаған. Содан болар әзірбайжан мен орыстар да әділет іздеп өздерін қазақ атаған...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-sh-zh-zi-284270](https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-sh-zh-zi-284270)