---
title: "Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына 300 жыл"
description: "Қазақтың ұлы ханы Абылай 1711 Қоян жылы дүниеге келді. фото с сайта elim.kz 1579 -&nbs..."
author: "ShadyD"
published: "2011-01-01T07:18:06+00:00"
modified: "2011-01-01T07:18:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-ly-hany-abylaydy-tu-anyna-300-zhyl-102958"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-ly-hany-abylaydy-tu-anyna-300-zhyl-102958/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына 300 жыл

> Қазақтың ұлы ханы Абылай 1711 Қоян жылы дүниеге келді. фото с сайта elim.kz 1579 -&nbs...

## Қазақтың ұлы ханы Абылай 1711 Қоян жылы дүниеге келді.

![фото с сайта elim.kz](http://img.nur.kz/n/0f/10/abylai_han_istoriya123.jpg)

фото с сайта elim.kz

1579 - Иасы қаласы Хақназар ханның ие­лі­гіне өтіп, қазақ хандығының аста­на­сына айналды. 1663 - Қоғам қайраткері, атақты шешен, ой­шыл Төле би Әлібекұлы дүниеге келді. 1699 - І Петрдің жарлығымен Жаңа жылды той­лау батыс елдеріндегідей 1 қаңтарға ауыстырылды. 1711 - Қазақ еліне көз алартқан жоңғарлар­дың алғашқы жорығы басталды, қазақ ба­тыр­­ла­ры тізе қосып, жауға күйрете соққы бер­ді. Қазақтың ұлы ханы Абылай (Әбілман­сұр) Уәлиұлы дүниеге келді. 1723 - Халқымыздың басына "Ақтабан шұбы­рынды, алқакөл сұлама" зұлматы төнді. 1735 - Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған Орынбор қаласының іргесі қаланды. 1771- Әбілмәмбет хан дүние салған соң, ха­лық Абылайды ақ киізге орап, хан кө­тер­ді. Еділ қалмақтары мен Абылай хан бас­та­ған қазақ қолы арасында қырғын соғыс бол­ды. 1783 - Қазақ ауылдарын аяусыз шапқан казак-орыс атаманы Чагановтың жасағын Сырым Датұлы әскері ойсырата жеңді. 1795 - Қазақтар қатыгездігі шектен шыққан Уәли хан Абылайұлын тақтан алу туралы өті­ніш жасады. 1807 - Орыс отаршылдығына қарсы бас кө­терген қазақтың әйгілі батырларының бірі Есет Көтібарұлы дүниеге келді. 1843 - Қазақтың әйгілі әнші-ақыны, сазгер Ақан сері Қорамсаұлы дүниеге келді. 1867 - Патшалық Ресей қазақ жерін бас­қару­дың жаңа "Уақытша ережесін" шығарды. Елде "Жалпақ қоян жұты" аталған нәу­бет басталды. 1879 - Қазақ елін қан қақсатқан Иосиф Вис­сарионович Сталин дүниеге келді. "Үлкен қоян жұты" болды. 1891- Елде тағы бір алапат қуаңшылық бо­лып, ол "Кіші қоян жұты" аталды. 1939 - Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 1975 - Алматыдағы 28 гвардия­шы-панфилов­шылар атындағы саябақта әйгілі Даңқ ме­мо­риалы ашылды. 1987 - КСРО-да қайта құру реформасының белсенді фазасы басталды. Қазақстан компартиясы ОК мен Қазақ КСР-інің "Республикада қазақ тілін мең­геру­ді жақсарту туралы" және "Респуб­ли­када орыс тілін меңгеруді жақсарту туралы" қау­лылары қабылданып, қазақ тілі қол­данысын кеңейтуге қатысты алғашқы қа­дам­дар жасала бастады. Қазан төңкерісінің соңғы мерейтойы – 70 жылдығы аталып өтті. Республикада алғашқы ВИЧ-ин­фек­циясы дерегі тіркелді. 1999 - Қазақстан Республикасы Президентін сайлау өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды. Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш рет халық санағы өтті, оның қорытындысы бойынша, елде 14 953 100 адамның тұратыны және ха­лықтың 1989 жылғы көрсеткішіне қара­ған­да 7,7 пайызға азайғаны байқалды. Еліміздегі негізгі мұсылмандық ме­ке­мелердің бірі Алматы Орталық мешіті ашыл­ды. Алматы халықаралық әуежайында ала­пат өрт болып, ғимараттың 6000 шар­шы метр аумағы жанып кетті.Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жыл­дығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту туралы ше­шім шығарылды.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жыл­дығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту туралы ше­шім шығарылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-ly-hany-abylaydy-tu-anyna-300-zhyl-102958](https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-ly-hany-abylaydy-tu-anyna-300-zhyl-102958)