---
title: "Қазақтың еліміздегі демографиясы 2017"
description: "Бұл ресми деректер (статагенттігінің мәліметі), ресми емес деректер бойынша қазақтың үлесі баяғыда ..."
author: "Gaziz_Tortbayev"
published: "2018-01-27T16:43:56+00:00"
modified: "2018-01-27T16:43:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-elimizdegi-demografiyasy-2017-794267"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-elimizdegi-demografiyasy-2017-794267/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақтың еліміздегі демографиясы 2017

> Бұл ресми деректер (статагенттігінің мәліметі), ресми емес деректер бойынша қазақтың үлесі баяғыда ...

Бұл ресми деректер (статагенттігінің мәліметі), ресми емес деректер бойынша қазақтың үлесі баяғыда 70% асты.Себебі статистика агенттігінің санағына ілікпеген қазақтардың саны көп болмаса, аз емес. Ал ресми деректер бойынша Қазақстанда пайыздық көрсеткіш бойынша қазақтар ең басым облыстар: Қызылорда облысы - 96,07% қазақтар; Атырау облысы - 92,29% қазақтар. Сондай-ақ Маңғыстау облысы - 90,46%; Ақтөбе облысы - 82,01%; Астана қаласы - 77,20%; Батыс Қазақстан облысы - 75,49%; Оңтүстік Қазақстан облысы - 72,87%; Жамбыл облысы - 72,59% және Алматы облысы - 71,22% қазақтар. Бұл көрсетілген тоғыз өңірді «қазақ облыстары» деп атауға болады. Қазақтардың пайыздық көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысында - 59,67%; Алматы қаласында - 58,88%; Павлодар облысында - 51,31%; Қарағанды облысында - 50,81%; Ақмола облысында - 50,34% құрап отыр, бұл 5 өңірді «аралас өңірлер» деуге болады. Ал қазақтар ең аз тұратын Қостанайда қазақтардың үлесі - 39,93%, Солтүстік Қазақстан облысында одан да төмен - 34,60%, бұл екі облысты «орыстілді облыстар» деуге болады. Осы екі облыста ғана қазақтардың саны тым өспей жатыр, сан бойынша қазақтар екінші орында келеді. Осыған назар аудару керек. Қалған 14 өңірде (Астана мен Алматы қалаларын қосқанда) қазақтар сан бойынша бірінші орында. Ағайын, елімізде көбейіп, өсіп-өне берейік!

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-elimizdegi-demografiyasy-2017-794267](https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-elimizdegi-demografiyasy-2017-794267)