---
title: "Қазақтың бұлбұлы Күләш Байсейітоваға 115 жыл"
description: "Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы. Алайда,..."
author: "userfacebook810643133096260"
published: "2020-11-11T06:02:51+00:00"
modified: "2020-11-11T06:02:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-b-lb-ly-k-l-sh-bayseyitova-a-115-zhyl-872427"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-b-lb-ly-k-l-sh-bayseyitova-a-115-zhyl-872427/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақтың бұлбұлы Күләш Байсейітоваға 115 жыл

> Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы. Алайда,...

Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы. Алайда, тарихшы-өлкетанушы Күләш Сардарбаек «Күләштің туған жері бүгіндері Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданына қарасты Нарманбет ауылы аталады. Бұл өлке ХХ ғасырдың басында Қотанбұлақ болысы, Қарқара уезі, Семей губерниясы атанған» - дейді. Күләш Байсейітованың туған күні жайлы да мынандай деректер бар. Ұлы әншінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қыздары Қарлығаш және Раушан Байсейітовалар баспасөзге берген сұхбатында ресми құжаттардағы көрсетілген деректерді жоққа шығарады.

Олар: «Негізгі туған күні қаңтардың 12-сі. Ол кезде өқжатты бірден алмаған. Әрі сол күні Димаш Ахметұлы Қонаевтың туған күні болғандықтан, анамыз туған күнін 2 мамырға ауыстырған еді» - дейді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-b-lb-ly-k-l-sh-bayseyitova-a-115-zhyl-872427](https://yvision.kz/kk/post/aza-ty-b-lb-ly-k-l-sh-bayseyitova-a-115-zhyl-872427)