---
title: "Қазақ тіліне сен де үлес қос!"
description: "Екі ғасырға жуық жүргізілген патшаның кейін, “советтің” орыстандыру саясатының салдары әлі күнге дей..."
author: "Mustazhap"
published: "2016-02-02T11:00:18+00:00"
modified: "2016-02-02T11:08:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-tiline-sen-de-les-os-504619"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-tiline-sen-de-les-os-504619/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ тіліне сен де үлес қос!

> Екі ғасырға жуық жүргізілген патшаның кейін, “советтің” орыстандыру саясатының салдары әлі күнге дей...

Екі ғасырға жуық жүргізілген патшаның кейін, “советтің” орыстандыру саясатының салдары әлі күнге дейін сезіліп келеді. Оған дәлел қазіргі таңда қазақ бола тұра да орысша сөйлеп, шала казақтылық немесе аралас мәдениет ұстанатын адамдардың болуы. Ғаламтор беттерін дүр сілкіндірген "**Қазақ қазақша сөйлей алмады**”,"**Депутат шала қазақ**" деген мақала ға да таң қалмаңыз, өйткені ондай адамдар да біздің арамыз да бар. Бұл орыс тілін таңдағысы келген баланың емес, орыс сыныбына берген ата-анасының, жоғарыда айтылған озбыр саясаттың кінәсі. Сөйлеу тілі адамның алдымен ата-анасына да байланысты.

Халық арасында сауалнама жүргізіп, *“балаларыңызды неге орыс тіліне берген жақсы*” деп сұрағанда, *"орыс тілінде оқитын материалдар көбірек, және көпшілік терминдерді қазақ тілінде оқыса алдағы уақытта балаға қиынырақ болады"* деген жауап алған болатынбыз. Міне мәселе қайда жатыр, қазақ тілінде жазылған ақпараттың жетіспеуі сіз бен біздің арамыздағы қазақ тілінің қажеттілік дәрежесін түсіреді. Бұл мәселе талай рет қозғалынған болатын, әр түрлі жобалар қолға алынып ақпаратқа толы сайттар, бағдарламалар шығу үстінде тфә-тфә, бірақ та, менің ойымша тілдік қорлығының байлығы жөнінде АЛДЫҢҒЫ орындарда тұрған қазақ тілінде ақпараттарды көбейтуде жанағы жобалардың қатысушылары, яғни тек қана 100-ге жуық адам ойлағаны орынысыз болар. Онымен бізде айналысуымыз керек! Өтініш, күніңізден жарты сағат бөліп ана тіліңнін дамуына үлес қосыңызшы.

Баяғыда ата-бабамыз *“келер ұрпаққа не бетімізді айтамыз”* деп, жауға жалаңаш қолмен шаппады ма? Қақаған аязда көтеріліске шығып, тәуелсіздігімзді алып бермеді ме? Сонда біз, келер ұрпаққтың сөйлер тілі үшін жанымызды бермесек те, сағат уақытымызды бөле алмағанымыз ба?!

Еріктілер үшін мен білетін екі жоба бар:

1) “Қазақша Уикипедия” жобасы. Сіз өз қалаңыздағы топтарға жазылып немесе [http://vk.com/niswikiclub](http://vk.com/niswikiclub) немесе Facebook-тағы [https://www.facebook.com/groups/889876307750001/](https://www.facebook.com/groups/889876307750001/) мүшесі болу арқылы, жетекшілермен сөйлесіп өз үлесіңізді қоса аласыз, осылайша уики-қауымдастықтың бір мүшесі атанып, және де Қазақ тілінің дамуына үсес қостым деп мақтанышпен айта аласыз)

2) Немесе Google Translate Community қоғамдастығына кір де, қазақ тілінің аудару алгоритмін жақсартуға үлес қос. Өзің жақсы меңгерген өзге тілден қазақ тіліне сөздерді, сөз тіркестерін аудар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-tiline-sen-de-les-os-504619](https://yvision.kz/kk/post/aza-tiline-sen-de-les-os-504619)