---
title: "Қазақ тілін (елін) жерге ойран қылмай, бірге көтерейік!"
description: "Әділ Тойғанбаев [Dat, тақсыр №35(118) 19.10.2011, 26 бет] ...Натырақ айтсақ, біз орыс тілін қанша..."
author: "molya_shine"
published: "2011-11-04T07:29:16+00:00"
modified: "2011-11-04T08:10:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-tilin-elin-zherge-oyran-ylmay-birge-k-tereyik-203394"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-tilin-elin-zherge-oyran-ylmay-birge-k-tereyik-203394/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ тілін (елін) жерге ойран қылмай, бірге көтерейік!

> Әділ Тойғанбаев [Dat, тақсыр №35(118) 19.10.2011, 26 бет] ...Натырақ айтсақ, біз орыс тілін қанша...

##### **Әділ Тойғанбаев [Dat, тақсыр №35(118) 19.10.2011, 26 бет]**

**...Натырақ айтсақ, біз орыс тілін қаншалықты дәрежеде меңгерсек, орыстілді қауым қазақ тілін дәл сол шамада меңгеруі керек. Ол үшін тыйым салудың немесе Конституцияға өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Бұл - таза әділетті шешім. Бір шаңырақ астында тұрып жатқан халықтардың бір-біріне деген шынайы құрметі. Қарсыластарымызға айтарым - талаптарыңыз да, әрекеттеріңіз де жүйелі болсыншы. Әйтпесе қазіргі әрекеттеріңіз қостілділікті, ұлттық мәдениетті, азаматтық құқықты қорғаудан гөрі, жалқаулық пен енжарлықты қорғауға көбірек келеді. Қолдасақ, оқуға, үйренуге деген талпынысты қолдайық. Ұлттық азшылықтардың дамуы, олардың қоғамдағы рөлі - кез келген қоғам үшін маңызды. Қазіргі жағдайымызда қандай да бір ұлттың өз мәдениетін дамытуына ешқандай да кедергі жоқ. Тіпті кешегіден, бүгінгіден де жоғары деңгейге көтеруге болады. Сонымен бір мезгілде жаңалыққы жаны құштар, интеллектуалдық деңгейі бар ұлттар мен ұлыстар қазақ тілін үйренуі керек. Өздерінің ойын, мақсатын, арман-мұратын қазақ тілінде еркін жеткізіп айта алатындай болуы керек. Оған ниет жоқ болса, ондайлар өзін-өзі дамытуды көздемейді және ешқашан алдына мақсат етіп қоймаған деп білуіміз керек. Ал қостілділікке қарсы болудың түкке қажеті жоқ.**

**DAT газетін** оқып отырған кезімде, қазақ тілі туралы мәселе талқыланып жатыр екен. Сол кезде Әділ Тойғанбаевтың осы айтқан сөздері мені қатты ойландырды. Яғни, мен бұл кісімен келісемін. Иә, дұрыс халықты тыйым салумен, заңға өзгеріс енгізумен толлыққанды қазақ тілін меңгеруді талап ете алмаймыз. Дұрыс, оқуға, уйренуге деген талпынысты қолдауымыз керек.

Менің ойымша, өз қазағымызды алдымен дұрыс тәрбиелеп алуымыз керек, орыстілді қауымды үйретбек бұрын. Айтқым келіп тұрғаны, бәріңіз байқаған шығарсыздар, көбісі кітап тілін ұмытып, өздері **"сай, ын, атыр"**, т.с.с сөздер қосып алған. Мысалы, қарапайым жарнаманың өзінде (Растишканың жарнамасында) қазақ әйелі отырып: **"балам, құлап ватыр да"**, - деп айтқаны құлаққа жағымсыз естіледі.

Қасымда арласып жүргендер әр қаланың адамдары ғой енді. Мысалы: Шымкент, Алматы **"қойсай, болсай, жүрсей"**, Ақтау, Ақтөбе **"болын, жүрін, тұрын"** т.с.с жалғаулар, жоқ сөздерді қосып сөйлейді. Бір байқағаным, бұл менің өз туған жерімді жақтап тұрғаным емес, біздің Шығыс Қазақстан облысының адамдары ғана кітап тілімен дұрыс сөйлейді екен. Осыған тәубә, мақтанамын! Сол үшін айналайын қазақтар, өз тілімізді құрметтеп, шала сөйлемейік.

Мен Алматыға келгелі 15-жылдай болып қалды. Бір күні "сай, атыр", - деп әзілдесіп сөйлеп, күнделікті қолданысқа еніп кеткенін байқамай қалыппын. Үйдегі туыстарым соны байқап, "Не деген сөз ол?"-деп, мені түзетіп отырады.

Енді мен алдыма мақсат қойдым. Қазақша сөйлесем, таза қазақша кітап тілімен ғана сөйлеймін деп. Орыс сөздерін диалогқа қоспау енді кішкене қиынға соғып жатыр.. Түзеліп кетер иншаАллаһ.

Мен де сіздердің алдыларыңызға осындай мақсат қоюларыңызбен тілектеспін. **Үнемі билікті кінәләй бермей, Қазақ елін (ТІЛІН) жерге ойран қылмай, БІРГЕ БИІККЕ КӨТЕРЕЙІК !!! ;)**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-tilin-elin-zherge-oyran-ylmay-birge-k-tereyik-203394](https://yvision.kz/kk/post/aza-tilin-elin-zherge-oyran-ylmay-birge-k-tereyik-203394)