---
title: "Қазақ тілін білетіндерді 95 пайызға қалай жеткіземіз ?"
description: "Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Асқар Қуанышұлы! Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі басылымдард..."
author: "til"
published: "2011-05-23T06:22:08+00:00"
modified: "2011-05-23T06:22:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-tilin-biletinderdi-95-payyz-a-alay-zhetkizemiz-160605"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-tilin-biletinderdi-95-payyz-a-alay-zhetkizemiz-160605/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ тілін білетіндерді 95 пайызға қалай жеткіземіз ?

> Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Асқар Қуанышұлы! Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі басылымдард...

![Нурсултан Назарбаев](http://www.kazblog.kz/uploads/images/00/00/02/2011/05/23/451222cf50.jpg)

** **

 

**Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! ** ** Құрметті Асқар Қуанышұлы! **

Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі басылымдардың оқырмандарға таралу жолдары күн өткен сайын қиындап барады. Басылымдарды тарату мен сату жүйесі жекеменшік кәсіпкерлердің қолында. Олардың көпшілігі қазақ тіліндегі басылымды сатқаннан гөрі, Ресейдің жеңіл-желпі басылымдарын сатқанды тиімді санайды.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында: «2020 жылға дейін қазақ тілін білетіндердің саны 95% құрауы тиіс» деген болатын.

КазПресс дүңгіршектеріне барсаңыз, қазақ тіліндегі газет-журнал жоқтың қасы. Олар қазақ тіліндегі басылымдарды сату тиімсіз деп есептейді. Өз дүңгіршектеріне қою үшін қосымша ақы сұрайды, ал ол өз кезегінде бағаны қымбаттатуға апарады. Басылымға сұраныс бар, сату жүйесі алғысы келмейді.

***Аты «КазПресс» - іші Орыс Пресс ***

Сонда қазақ тілін білетіндерді 95 пайызға қалай жеткіземіз?

Құрметпен,

*** «Тіл» журналының ұжымы ***

+7 7172 629 -679 Астана қаласы Ш.Иманбаева 5б — 73

 

**«КАЗПРЕСС» киоскілерінен «ТІЛ» журналын іздеп, таба алмаған оқырмандарымыздан кешірім сұраймыз. **

![Нурсултан Назарбаев](http://www.kazblog.kz/uploads/images/00/00/01/2011/05/23/97efa3fdc7.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-tilin-biletinderdi-95-payyz-a-alay-zhetkizemiz-160605](https://yvision.kz/kk/post/aza-tilin-biletinderdi-95-payyz-a-alay-zhetkizemiz-160605)