---
title: "Қазақ тілі"
description: "Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутімне..."
author: "Xit"
published: "2018-02-05T12:39:47+00:00"
modified: "2018-02-05T12:40:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-tili-795409"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-tili-795409/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ тілі

> Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутімне...

Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутімнен Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген Сол тілменен бірінші білгізілген: "Ана" деген сүйгендік сөз әм менен Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін Сол тілменен ойнадым далада еркін Сол тілменен бірінші сыртқа шығып Өмірде ен далада ұққан көркім.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-tili-795409](https://yvision.kz/kk/post/aza-tili-795409)