---
title: "«Қазақтелеком» қоғамдық орындарда өзінің Wi-Fi нүктелері арқылы Интернетке қатынауға трафик шектеулерін алады"
description: "Бүгіннен бастап iDNet және Megaline тарифтік жоспарын пайдаланушылар iDPort жеке кабинеті арқылы қоғ..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2014-08-01T02:49:36+00:00"
modified: "2014-08-01T02:49:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-o-amdy-oryndarda-zini-wi-fi-n-kteleri-ar-yly-internetke-atynau-a-trafik-shekteulerin-ala-423675"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-o-amdy-oryndarda-zini-wi-fi-n-kteleri-ar-yly-internetke-atynau-a-trafik-shekteulerin-ala-423675/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақтелеком» қоғамдық орындарда өзінің Wi-Fi нүктелері арқылы Интернетке қатынауға трафик шектеулерін алады

> Бүгіннен бастап iDNet және Megaline тарифтік жоспарын пайдаланушылар iDPort жеке кабинеті арқылы қоғ...

Бүгіннен бастап iDNet және Megaline тарифтік жоспарын пайдаланушылар iDPort жеке кабинеті арқылы қоғамдық орындарда ұйымдастырылған «Қазақтелеком» АҚ барлық Wi-Fi нүктелеріне лимитсіз қатынауды алатын болады. Компания абоненті емес тұтынушыларға epay банк карталарымен электрондық төлем жүйесі арқылы жазылу және төлеу мүмкіндігі берілді.

«Қазақтелеком» АҚ абоненттері үшін Интернет желісіне қатынау Wi-Fi жабатын аймақтарда кез келген сымсыз құрылғылар арқылы қолданыстағы Megaline/iDNet аккаунтын пайдалану мүмкіндігімен жүзеге асырылады.

Интернет желісіне 8 Мбит/с дейінгі ең жоғары жылдамдықпен трафик шектеуінсіз «Қазақтелеком» АҚ Wi-Fi нүктелері арқылы тек туған қалаңда емес, енді Қазақстанның кез келген елді мекендерінен қатынауға болады.

![«Қазақтелеком» қоғамдық орындарда өзінің Wi-Fi нүктелері арқылы Интернетке қатынауға трафик шектеулерін алады](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/XCx1i27qqH6uNVg6zoP7lWIHxvC838.jpg)

Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан басқа Wi-Fi қатынау нүктелері Арқалықта, Бурабайда, Зыряновскіде, Риддерде, Рудныйда, Сараньда, Семейде, Степногорск және Щучинскіде ұйымдастырылған. Республика аймақтарында Интернет-кафе, әуежайларда, парктерде СОО, қонақ үйлер мен т.б. қоғамдық орындарда «Қазақтелеком» АҚ барлығы Интернет желісіне қатынаудың 700 нүктені ұйымдастырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-o-amdy-oryndarda-zini-wi-fi-n-kteleri-ar-yly-internetke-atynau-a-trafik-shekteulerin-ala-423675](https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-o-amdy-oryndarda-zini-wi-fi-n-kteleri-ar-yly-internetke-atynau-a-trafik-shekteulerin-ala-423675)