---
title: "«Қазақтелеком» меншікті Store іске қосады"
description: "Бағдарламалық қамтаманы жалдау бойынша жаңа сервис «Қазақтелеком» АҚ абоненттерінің Жеке кабинетіне..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2014-02-20T21:56:49+00:00"
modified: "2014-02-20T21:57:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-menshikti-store-iske-osady-401731"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-menshikti-store-iske-osady-401731/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақтелеком» меншікті Store іске қосады

> Бағдарламалық қамтаманы жалдау бойынша жаңа сервис «Қазақтелеком» АҚ абоненттерінің Жеке кабинетіне...

Бағдарламалық қамтаманы жалдау бойынша жаңа сервис «Қазақтелеком» АҚ абоненттерінің Жеке кабинетіне шоғырланған Рентсофт технологиялық тұғырнамасы аясында қызмет етеді, ол жерде қосылу және белсендіру жүргізіледі, сондай-ақ таңдалған софтқа ай сайынғы жазылу ресімделеді.

Бағдарламалық қамтаманы (бұдан әрі-БҚ) пайдаланғаны үшін төлемді арнайы құрылған «Қазақтелеком» АҚ әмияні» арқылы жүргізуге болады, оны абоненттік бөлімше, e-pay электрондық төлем жүйесі арқылы немесе «Қазақтелеком» АҚ инфокиоскілері арқылы толықтыруға болады.

![«Қазақтелеком» меншікті Store іске қосады](http://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/bh0pC2hS4cw98KfbtgkjfA8RLhKW4V.png)

Стратегиялық басқару жөніндегі бас директор Батыр Маханбетәжиевтің айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ Инновациялық бөлімшесінің мамандары компания абоненттеріне тиімді және пайдалы болатын БҚ таңдаған. «Қазақтелеком» АҚ онлайн-дүкенінде келесі санаттағы танымал өнімдер болады: антивирустар, жеке қаржы, сөздіктер, мәтінді өңдеу және қызықты ойындар. «Енді компания абонентіне тек қана Интернет, телефония және теледидар ғана қол жетімді емес, жылдық немесе мерзімсіз лицензияны сатып алуға едәуір сома жұмсамай жеке кабинетте қосылуға және төлеуге болатын бағдарламалық қамтама да қол жетімді болады»,- деп атап өтті Б.Маханбетәжиев.

Қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ абоненттері үшін жазылым жағдайында келесі санатта БҚ қол жетімді болып табылады:
- Антивирустар – ірі әзірлеушілердің 10 жуық антивирустары ұсынылған;
- Ойындар –Алавар компаниясынан офистік ойындар;
- Сөздіктер – ағылшынша-орысша, орысша-ағылшыншажәне ABBYY Lingvo басқа электрондық сөздіктер;
- Мәтінді өңдеу – мәтінді сканерлеу, айырып тануға арналған бағдарламалар және ABBYYPDF-файлдарымен жұмыстар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-menshikti-store-iske-osady-401731](https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-menshikti-store-iske-osady-401731)