---
title: "«Қазақтелеком» халықаралық кәсіби стандарттарына толық сәйкес келетіні туралы сыртқы тәуелсіз кеңесшілердің бағасына ие болды"
description: "«Эрнст энд Янг» консалтингтік компаниясы «Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысын халықаралық..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2014-02-20T22:34:51+00:00"
modified: "2014-02-20T22:35:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-haly-araly-k-sibi-standarttaryna-toly-s-ykes-keletini-turaly-syrt-y-t-uelsiz-ke-esshiler-401734"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-haly-araly-k-sibi-standarttaryna-toly-s-ykes-keletini-turaly-syrt-y-t-uelsiz-ke-esshiler-401734/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақтелеком» халықаралық кәсіби стандарттарына толық сәйкес келетіні туралы сыртқы тәуелсіз кеңесшілердің бағасына ие болды

> «Эрнст энд Янг» консалтингтік компаниясы «Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысын халықаралық...

«Эрнст энд Янг» консалтингтік компаниясы «Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысын халықаралық кәсіби стандарттарға толық сәйкес келетіні туралы қорытынды берді. Компания бөлімшелерін бағалау бойынша сәйкесті есеп «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында қарастырылды.

Сәйкестік сертификаттары «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Н.Т.Байдаулетовке, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Б.Есекеевке, «Қазақтелеком» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы М.Ж.Серікбаевқа берілді.

![«Қазақтелеком» халықаралық кәсіби стандарттарына толық сәйкес келетіні туралы сыртқы тәуелсіз кеңесшілердің бағасына ие болды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/EYZ2rw0shZ0gBmJBiLeKAIhSDI3i3H.jpg)

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеевтіңайтуынша, компания «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы ішінде бірінші болып табылады және Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Ішкі аудит қызметінің жұмысы халықаралық кәсіби стандарттарға толық сәйкес келетіні туралы сыртқы тәуелсіз сарапшының бағасын алды.

«Осы бағалау Директорлар кеңесінің нәтижелі жұмысының, компания ішіндегі тиімді өзара әрекет етуінің, акционерлер мүдделерін сақтаудың, айқындылыққа талпынудың, «Қазақтелеком» АҚ ішкі бақылау, корпоративтік басқару жүйесінің жоғары деңгейінің куәгері болып табылады»,- деп атап өтті Қ.Есекеев.

Сыртқы бағалау халықаралық кәсіби стандарттарға сәйкес мақсаты ішкі аудиторлардың халықаралық институтымен белгіленген стандарттарға сәйкес ішкі аудиттің қызметін орындайтын бөлімшелер үшін міндетті рәсім (кем дегенде 5 жылда бір рет) болып табылады.

Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары ішкі аудиторлардың халықаралық институтымен әзірленген (Institute of Internal Auditors, IIA) және институт мүшелері және барлық ішкі аудиторлар арасында жоғары кәсіби және этикалық стандарттарды ілгерлету және қолдауға бағытталған.

1941 жылы құрылған, ішкі аудиторлардың халықаралық институты ішкі аудитор мамандығын дамытуға және барлық әлемдегі ішкі аудиторларды қолдауға арналған халықаралық кәсіби ассоциация болып табылады. Институт ішкі аудит саласындағы қызмет ететін және сала бойынша аудиторлық қызметпен айналысатын 100 артық мемлекеттегі 17 0000 жуық мүшелерін біріктіреді және қолдайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-haly-araly-k-sibi-standarttaryna-toly-s-ykes-keletini-turaly-syrt-y-t-uelsiz-ke-esshiler-401734](https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-haly-araly-k-sibi-standarttaryna-toly-s-ykes-keletini-turaly-syrt-y-t-uelsiz-ke-esshiler-401734)