---
title: "«Қазақтелеком» АҚ мини-футболдан турнир өткізді"
description: "«Қазақтелеком» АҚ өңірлік жеңімпаздар мен Алматы және Астана қалаларының командаларының арасында мин..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2013-10-01T01:32:56+00:00"
modified: "2013-10-18T04:12:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-a-mini-futboldan-turnir-tkizdi-376793"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-a-mini-futboldan-turnir-tkizdi-376793/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақтелеком» АҚ мини-футболдан турнир өткізді

> «Қазақтелеком» АҚ өңірлік жеңімпаздар мен Алматы және Астана қалаларының командаларының арасында мин...

«Қазақтелеком» АҚ өңірлік жеңімпаздар мен Алматы және Астана қалаларының командаларының арасында мини-футболдан ІІ турнир өткізді.

Турнир Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Салауатты ұлт - берік мемлекет» үндеуін іске асыру аясында және «Қазақтелекомның» 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды.

Турнирге өңірлік жеңімпаздар – «Солтүстік» (Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясы), «Оңтүстік» (Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясы), «Шығыс» (Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы), «Батыс» (Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясы), «Астана» (Астанателеком) және «Алматы» (Алматытелеком) командалары қатысты.

 

«Қазақтелекомның» ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директоры Марат Әбділбековтың айтуынша, салауатты өмір салты компания қызметкерлері үшін маңызды мәселе болып табылады. «Қазақтелекомда» салауатты өмір салтына үлкен назар аударылатынын барша жұрт біледі. Біздің ұйым үлкен – шамамен 30 мыңдай адам еңбек етеді, және қызметкерлеріміздің көбісі шыныққан жандар, себебі біз спорт түрлері бойынша жарыстарды жиі өткізіп тұрамыз», дейді ол.

Қызу тартыстың нәтижесінде жарыстың бас жүлдесі «Алматытелеком» компаниясына бұйырды. Ал екінші орынды - Ақмола ОТД командасы иеленсе, үшінші орынды - Маңғыстау ОТД командасы қанағат тұтты.

Ұйымдастырушылар сондай-ақ, арнайы аталымдар бойынша сыйлықтар тағайындады. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан ОТД командасының өкілі Дамир Қарбаев «Үздік ойыншы» атанса, Жамбыл ОТД комадасының спортшысы Марат Фазылов «Үздік қақпашы», «Алматытелеком» ОТД командасының өкілі Кәрім Байымбетов «Үздік шабуылдаушы» атанды. Ал «Корпоративтік рух» аталымы бойынша Шығыс Қазақстан ОТД командасына тең келетін ешкім болған жоқ.

![«Қазақтелеком» АҚ мини-футболдан турнир өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/2r9O1Yn9CYFFk8eu583YkBT0e9UjBY.jpg)

![«Қазақтелеком» АҚ мини-футболдан турнир өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/OGQ9oGo9edMWuyye56Mz43awFp8trG.jpg)

![«Қазақтелеком» АҚ мини-футболдан турнир өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/ij2GubG3yxX6IGnyv93bMd1USfSNst.jpg)

![«Қазақтелеком» АҚ мини-футболдан турнир өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/HYyAf7msh5EC7M0wDw3f7QFFB1Y2L3.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-a-mini-futboldan-turnir-tkizdi-376793](https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-a-mini-futboldan-turnir-tkizdi-376793)