---
title: "«Қазақтелеком» АҚ филиалы Маңғыстау ОТД ғимаратында ақтаулық боксшы Әділбек Ниязымбетовтың жартылай финалдық бәсекесінің тікелей көрсетілімі өткізілді"
description: "Тамыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні жергілікті уақыт бойынша түнгі 02:30-да Рио-де-Жанейродағы ол..."
author: "Oryngul"
published: "2016-08-17T00:49:53+00:00"
modified: "2016-08-17T00:49:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-a-filialy-ma-ystau-otd-imaratynda-a-tauly-boksshy-dilbek-niyazymbetovty-zhartylay-finald-707442"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-a-filialy-ma-ystau-otd-imaratynda-a-tauly-boksshy-dilbek-niyazymbetovty-zhartylay-finald-707442/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақтелеком» АҚ филиалы Маңғыстау ОТД ғимаратында ақтаулық боксшы Әділбек Ниязымбетовтың жартылай финалдық бәсекесінің тікелей көрсетілімі өткізілді

> Тамыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні жергілікті уақыт бойынша түнгі 02:30-да Рио-де-Жанейродағы ол...

**Тамыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні жергілікті уақыт бойынша түнгі 02:30-да Рио-де-Жанейродағы олимпиада рингінде Әділбек Ниязымбетов британдық боксшы Джошуа Буатсимен қолғап түйістірді. Ақтау қаласының тұрғындары өз жерлестерінің жарыстағы өнерін компанияның аймақтағы филиалы ұсынған техникалық қолдауы мен мүмкіндіктері арқасында тікелей эфирден тамашалай алды.**

**

![«Қазақтелеком» АҚ филиалы Маңғыстау ОТД ғимаратында ақтаулық боксшы Әділбек Ниязымбетовтың жартылай финалдық бәсекесінің тікелей көрсетілімі өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/oryngul/2UHIL0qr2349PP0b3jRWhIXcr42Ao3.jpg)

**

Бәсекені көруге және ақтаулық былғары қолғап шебері мен Қазақстан құрамасын қолдауға бірнеше ондаған жанкүйерлер жиналды. Біздің боксшының әрбір шабуылы залға жиналған маңғыстаулық көрермендердің шапалағымен қолдау тапты. Тартысты бокс нәтижесінде Әділбек Ниязымбетов британдық боксшыны 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

![«Қазақтелеком» АҚ филиалы Маңғыстау ОТД ғимаратында ақтаулық боксшы Әділбек Ниязымбетовтың жартылай финалдық бәсекесінің тікелей көрсетілімі өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/oryngul/r2GYauAXDaIt8C4t549jaxdTGV11KO.jpg)

«Біз алдағы финалдық бәсекеде де Әділбектің жеңетініне сенеміз! Боксшыларымыздан алтын медаль күтеміз! Өз спортшыларымызды қолдауға мүмкіндік бергені үшін трансляцияны ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз!» - деп жанкүйерлер өз қуаныштарымен бөлісті.

![«Қазақтелеком» АҚ филиалы Маңғыстау ОТД ғимаратында ақтаулық боксшы Әділбек Ниязымбетовтың жартылай финалдық бәсекесінің тікелей көрсетілімі өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/oryngul/104FvkjuSVOuFnl5e17vXL9vDpLl0s.jpg)

![«Қазақтелеком» АҚ филиалы Маңғыстау ОТД ғимаратында ақтаулық боксшы Әділбек Ниязымбетовтың жартылай финалдық бәсекесінің тікелей көрсетілімі өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/oryngul/715besDv8QLOQfpzhaBz62xBq76Nn5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-a-filialy-ma-ystau-otd-imaratynda-a-tauly-boksshy-dilbek-niyazymbetovty-zhartylay-finald-707442](https://yvision.kz/kk/post/aza-telekom-a-filialy-ma-ystau-otd-imaratynda-a-tauly-boksshy-dilbek-niyazymbetovty-zhartylay-finald-707442)