---
title: "Қазақтар! Баурсақ ұнын жырымдамаңдар!"
description: "Бұл кеңесті еврей анекдоты арқылы түсіндірейін. Олардың бір ескі анекдотында былай дейді. Мойшаның ш..."
author: "gabe"
published: "2018-09-23T20:36:47+00:00"
modified: "2018-09-24T18:33:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-tar-baursa-nyn-zhyrymdama-dar-815095"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-tar-baursa-nyn-zhyrymdama-dar-815095/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақтар! Баурсақ ұнын жырымдамаңдар!

> Бұл кеңесті еврей анекдоты арқылы түсіндірейін. Олардың бір ескі анекдотында былай дейді. Мойшаның ш...

Бұл кеңесті еврей анекдоты арқылы түсіндірейін. Олардың бір ескі анекдотында былай дейді.

Мойшаның шәйі үнемі дәмді болады екен. Оның құпиасын айтпайды екен. Қартайып демі таусылар алдында оны қоршап турған еврейлер, енді қазір құпиасын айтады деп қоршап тұрады. Бір сәтте басын көтеріп: «Евреи! Не жалейте заварки!» депті.

![Қазақтар! Баурсақ ұнын жырымдамаңдар!](https://storage.yvision.kz/images/user/198070/75172f5b29b45bdddc4b63725d1771.jpg)

Қазақтың баурсағының қатырмасының, бәтерінің де дәл осындай құпиасы бар.

Ұнды үнемдеу үшін және барынша үлкейтіп қампиту үшін, рыхлитель деген бір химиялық пәле бар, соны аямай салады. Соның арқасында қамыр қампиып үлкейіп шыға келеді.

Қазіргі базар заманынан бұрын бір бөлке нан 600 грамм болатын, рехлителдің арқасында қазір көлемі одан да үлкен бөлкелер 400 грамм. Бір жақсысы оған қақалып қалмайсың.

АҚШ-тың 42-ші президенті Джодж Буш тоқаш жей отырып теледидар алдында тоқашқа қақалып дереу медик шақырып аман қалған. Бұл туралы кезінде Ресей СМИ-лары жазған, айтқан.

![Қазақтар! Баурсақ ұнын жырымдамаңдар!](https://storage.yvision.kz/images/user/198070/f7c6b58749c418247c509be5aa3142.jpg)

Американың тоқашы біздің байырғы баурсақ, бәтер сиақты тығыз рыхлителсіз болады екен. Бір жақсысы біздің қазіргі баурсаққа қақалып қалмайсың. Ол алғашқы бірер күнде тіске жабысады, ал одан кейін кеуіп үгіліп ұпырылады. Дәмінін қышқылдығыда біліне түседі. Біздің Өскеменде бүкіл үлкен қалада бір-ақ жерде қазақтың кәдімгі бәтері сатылады. Ол магазин Фреш Маркет деп аталады. Оның өз пекарнясы бар. Онда ылғый очередь, тосып тұрған адамдар.

![Қазақтар! Баурсақ ұнын жырымдамаңдар!](https://storage.yvision.kz/images/user/198070/6229a86148267a1e82228f895c9c22.png)

Бұл бәтер сол америкалық тоқаш сиақты тығыз және дәмді. Үйдегі нан сақтайтын қорапта 5-6-7 күнге дейін тіс батырып жеуге болады. Дәмі өзгермейді.

Қазақтар! Баурсақ ұнын жырымдамаңдар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-tar-baursa-nyn-zhyrymdama-dar-815095](https://yvision.kz/kk/post/aza-tar-baursa-nyn-zhyrymdama-dar-815095)