---
title: "Қазақстаның түрлі-түсті «төңкерісі»"
description: "(На русском) Өткен аптада ЖСДП президиумының мүшесі Әмірбек Тоғысовтың \"Қазақстанда төңкеріс ұйымдас..."
author: "Turbo"
published: "2015-06-02T00:34:48+00:00"
modified: "2015-06-02T01:03:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stany-t-rli-t-sti-t-kerisi-506121"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stany-t-rli-t-sti-t-kerisi-506121/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстаның түрлі-түсті «төңкерісі»

> (На русском) Өткен аптада ЖСДП президиумының мүшесі Әмірбек Тоғысовтың "Қазақстанда төңкеріс ұйымдас...

([На русском](http://yvision.kz/post/506264))

Өткен аптада ЖСДП президиумының мүшесі Әмірбек Тоғысовтың "Қазақстанда төңкеріс ұйымдастыру үшін күрделі себептер бар" деген пікірі кездесті. Мақала "Адал және таза сайлаудың кепілі жоқ" деп аталады. Шетелдің бақылаушылары мен тілшілерідің сайлау адал өткеніне көздері жеткендігі туралы бір де бір сөз жоқ.

"Ресми оппозиция" өкілінің мемлекетіміздің саяси дамуы туралы айтуға мұршасы жоқ болса да, Қазақстанды Украинамен салыстырып, төңкерісті ұйымдастыратын билікте отырған жастар деп, бәленің бәрін соларға жауып, одан қалса, тәуелсіздігімзді жоққа шығарып, керек болса Батыс өзі ақ уымдастыра салады деген ой білдіреді.

Тіпті одан қалса, төңкерісті, Төғысов мырзаның айтуы бойынша, лаңкестер ақ ұйымдастыра салады. Қазақстанда басқа Орта Азия мемлекеттеріне қарағанда саңкестік әлдеқайда аз екендігі ойда жоқ!

Не болса да, "жындының сандырағы келеді" дейді ғой, қазақтың жерін басып жүріп араларымызға бүліншілік таратып жүргендердің сандырағынан құдай сақтасын.

Нақты сол ЖСДП-ға келсек, сол мақаланың қорытындысында Әмірбек Тоғысовтың "ЖСДП келе жатқан парламенттік сайлауда қатысады" деген сөзі бар. Барлық айтылған сөзді қоссақ, шыққан мақала "ресми оппозициямыздың" сайлау алдындағы науқанды елден ерекше бастап кеткенін белгілейді.

Не істейтінін өздері біледі ғой, бірақ, сайлау өтсін-өтпесін, сол жерінде айтып отырғаны ғой "адал және таза сайлаудың кепілі жоқ" деген сөзі, сөйлем басына "сондықтан" деген сөзді қосып қойып. "Айтпады деме" дегенге жол қалдырғаны ма, кім білсін?

Не болса да - өте ыңғайлы. Жеңіліп қалса электоратының алдында ақталатын мүмкіндік те, себеп те алдына ала дайын тұр.

Бірақ, шындыққа келсек - оның барлығын баяғыда өтіп кеткенбіз. Алдында, президент сайлауына да қатыспақшы болып, "президенттік сайлаудың сыры белгілі ғой" деп, алдына ала шегініп, ЖСДП саяси күш ретінде тіпті көрінбеді де. Нақты саясаткерлер болса араларында, неге электораттарының сенімін ақтамаса да, тіпті тырысса да болар еді ғой. Сайлау біткенде ғана құмнан басын шығарған түйеқұс сияқты, одан қалса Киплингтің "Мауглиіндегі" қорқау Табаки сияқты "Ал біз болсақ тыныш жерге кетеміз" дегеніне ұқсайды.

Тіпті, нақтылап айтсақ, өткен сайлауда ЖСДП бәсекелі саяси күрестен бас тартып, өзіне сенім білдірген электоратын "лақтырып" кетті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stany-t-rli-t-sti-t-kerisi-506121](https://yvision.kz/kk/post/aza-stany-t-rli-t-sti-t-kerisi-506121)